Тікелей эфир:100 мың теңгемен Сирияға кетпек болған келіншек сотталды
Қарағандыда ДАИШ лаңкестік ұйымымен байланыста болған 30 жастағы келіншекке қатысты сот үкімі шықты. Кәмелетке толмаған қайнысын алып Сирияға аттанбақ болған Жансая Таңатарова 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот залынан тілшіміз Саят Сабдалы тікелей байланысқа шыққан еді.
Автор: Саят Сабдалы
06.02.2018
-Саят сотталушыны бұл қадамға не итермелеген екен?
Тергеу мәліметтері бойныша Жансая Таңатарова 2016 жылдан бері ДАИШ ұйымының өкілдерімен байланысқа түсе бастаған екен. Содан бері хат жазысып, лаңкестік ұйым өкілдеріне жанашырлығын білдіріп тұрған. Тіпті, Сирияға жетіп, сарбаздарға медициналық көмек көрсетпекке бел буыпты. 1 жыл бойы хат хабар алмасып, былтыр яғни 2017 жылдың қыркүйегінде шетел аспақ болған. Дегенмен, көлік жалдап жолға шыққан ол, Қарағандыдан ұзамай ұсталды. Тергеу тарапы оның қылмысына бұлтарпас айғақтар келтірген. Алайда оның жақындары сот үкімімен келіспейді.
Төленді Таңатаров Ж. Таңатарованың әкесі:
-Адам өлтіргенге 5 жыл береді, түк қылмысы жоқ адамға 9 жыл береді. Осындай шындық бола ма? Ең құрыса шартты жаза беруге болады гой. Қандай әділдік бар. Шетелде ұстап алса мақұл ғой. Қарағандының шекарасынан шыққан жоқ. Оның үстіне 100 мың теңгемен Сирияға қалай барады?. Оның өзін банктен несиеге алып отыр.
Өзімен қаймай бір жыл бұрын лаңкестік бабы бойынша сотталған күйеуінің інісін де өзімен бірге шетел асуға үгіттеген екен. Ал Жансая Таңатарова да сол бойы тағылған айыптармен келіскен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!