Дүйсенова "Әбу Даби Плазаның" наразылыққа шыққан жұмысшыларына заңды түсіндірді
Еңбек министрі атышулы "Әбу Даби Плазаның" төңірегіндегі үлкен дауға қатысты түсініктеме берді. Тамара Дүйсенованың айтуынша, жұмыстан шығарылатын 400 емес, 62 адам екен. Министр оларға заң бойынша, жалақымен қатар өтемақының да төленетінін айтты.
Автор: Ербол Сейілхан
06.02.2018
Тамара Дүйсенова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
-Біріншіден әрбір азаматты жұмысқа шақырған кезде, шетелдік болсын өзіміздің азаматтар болсын, уақытын белгілеген. Сізбен біз келісім шартты 3 айға белгілейміз деп. Сол уақыт тәмамдалғаннан кейін ол біздің елдің азаматы ма, басқа елдің азаматы ма, жұмыстан шығуы керек. Ал еңбек шарты 1 жылға белгіленген болып, ортасынан шығарып жататын болса, онда мен сіздермен келісетін едім. Сондықтан біз еңбек инспекциясының жұмысын ақырына дейін күтейік.
Қазір еңбек инспекторлары келісім-шарт бітті деген желеумен адамдарды жұмыстан шығарғалы жатқан отандық 4 компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Оның 4-уіде "Әбу Даби Плазаны" салып жатқан мердігер фирмалар. Министр Дүйсенова тағы жұмыстан шығарылатындар болса, заңның орындалуын талап ететін мәлімдеді. Айта кетсек, кеше Астанадағы ең биік ғиаратты тұрғызып жатқан жүздеген құрылысшы наразылық білдіріп, жұмыстан қуылғалы жатқандарын айтқан-ды. Олардың сөзінше, бастықтары ешқандай ескертусіз жұмыстан кету туралы арызға қол қоюды талап еткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!