{metadescription}
Тікелей эфир: Сағынтаев сапасыз тағамдарды қатаң бақылауға алуға пәрмен берді
Тікелей эфир: Сағынтаев сапасыз тағамдарды қатаң бақылауға алуға пәрмен берді

Тікелей эфир: Сағынтаев сапасыз тағамдарды қатаң бақылауға алуға пәрмен берді

Бақытжан Сағынтаев министрлерге ішкі нарықты қауіпті азық-түліктен қорғау үшін қатаң шара қолдануды тапсырды. Премьердің айтуынша, адам денсаулығына аса зиян деп, сауда сөрелерінен алынған тағамдардың қайда кетіп жатқанын ешкім білмейді. Үкімет басшысы, тіпті, ондай құрамында химикаты көп өнімдер қайта саудаға түсуі мүмкін деп күдіктеніп отыр. Сондықтан, Сағынтаев қарамағындағыларға дүкендерді жіті тексеруді талап етті. Үкімет сағатынан келген әріптесім тікелей эфирге қосылғалы тұр.

-Азық-түліктің сапасын тексеретін мемлекеттік органдар емес пе? Сонда, шенеуніктердің өздері қара тізімге кірген өнімнің қайта сатылуына жол беріп келген бе?

Иә, Сағынтаевтың қарамағындағылардан күдіктеніп отырғаны да сол. Екі жыл бұрын құрамында зиян қоспасы бар өнімдер көптің көзінше өртенсін, түбегейлі жойылсын деген бұйрық болған екен. Бірақ, жауапты шенеуніктер бұған құлақ аспай келеді дейді премьер.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Мемлекеттік тексеру барысында қауіпті азық-түлікті дүкеннен алып тастаймыз. Әрі қарай не болады? Ол өнімді өртеп жібересіздер ме? Әлде жасырын түрде қайта сауда сөрелеріне түсе ме? Оны ешкім білмейді. Бәрі сөз жүзінде қалып отыр.

-Сағынтаевтың сынына жауапты министрлер не уәж айтты?

Инвестициялар және даму министрі мемлекеттік тексеруді министрліктерге теңдей  бөліп берейік деген ұсыныс жасады. Ал бүгінде азық-түлік өнімдерін тек Денсаулық сақтау министрілгі тексереді екен. 

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

-Қазір мемлекеттік бақылауды тиісті органдарға бөліп беру мәселесі қаралуда. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыз су мен балалар тағамынан басқа азық-түлікті тексеруді ұсындық. Бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар, косметикалық өнімді Денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алсын.

Жеңіс Қасымбектің бұл ұсынысын Сағынтаев аса қолдай қоймады. Себебі, билікті бір органнан алып екіншісіне бергеннен ештеңе өзгермейді деп отыр премьер. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде