Павлодар мұнай-химия зауытында шыққан өрттің нақты себебі анықталды
Кәсіпорын өкілдері төтенше оқиғаның мұнайды алғашқы қайта өңдеу қондырғысының кенет істен шығуынан болғанын айтып отыр.
Автор: Әйгерім Шакаманова
06.02.2018
Яғни, қондырғыға қара майды айдап тұратын құбыр әбден тозған көрінеді. Салдарынан оның бойына ауа кіріп, артынан өрт шыққан. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ және көрші қондырғыларды от шарпып үлгермеген. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 20 шақты өрт сөндірушінің бір сағат бойы арпалысқанын айта кетейік. Қазір істен шыққан құбырдың сапасыз аумағын ауыстыру жұмыстары аяқталған. Ал бірнеше шақырым қашықтықтан көрінген қара түтінді өңір тұрғындары жарыса түсіріп алған болатын. Өндіріске шектеу қоюға мәжбүр болған зауыт басшылары төтенше оқиға жанармай нарығына еш кедергі келтірмеді деп отыр.
Дүйсенбек Көжекбаев, Павлодар мұнай-химия зауытының бас директорының орынбасары-бас инженері:
-Бұл жағдайға қарай зауытта жанармай өңдеу шығарылу азайтылды. Бірақ, цистернаға құю ары қарай заправкаларға,нефтебаза жұмыстары тоқтатылған жоқ.40 жыл бойы жұмыс істеп келген труба. Бұның қабырағасының қалыңдығы азайған.Өйткені, металл ескіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!