9 раунд: Сирияда тыныштық орнай ма?
Сирия тағдыры тағы Астанада талқыланбақ. Қазір кезекті басқосудың күн тәртібі мен уақыты нақтыланып жатыр.
06.02.2018
Бұл туралы бүгін Сыртқы Істер министрі мәлімдеді. Шамамен келесі келіссөз 20-шы ақпанға қарай өтіп қалуы мүмкін. Қазір Қазақстан кепіл мемлекеттер яғни Түркия, Иран мен Ресейден жауап күтіп отыр. Осыдан бір апта бұрын Сочиде Сирия халқының ұлттық диалог конгресі өтіп, онда араб елінің конституциясын реформалауға қол жеткізген еді. Бірақ, бүйректен сирақ шығарған кейбір қарулы топтар жиынға келмей қалды. Ал Астанада өтетін 9-шы раундтта негізінен тұтқындарды босату жайы мен Женева форматының жай жапсары сөз болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
07 ақпан
Серіктестер жаңалықтары