{metadescription}
Ақмола облысында бүтін бір ауыл  ауыз суыз отыр
Ақмола облысында бүтін бір ауыл  ауыз суыз отыр

Ақмола облысында бүтін бір ауыл ауыз суыз отыр

Аязда құбырлар қатып, Ақмола облысындағы Қонысбай ауылы жарты айдан бері ауызсуыз отыр. Жауапты мекеме басшылары оның нақты қай жерінен қатқанын таба алмай әлек болуда. 200 түтіні бар елді мекеннің құбыр желісі осыдан 5 жыл бұрын жеке кәсіпкерге сенімді басқаруға беріліпті. Алайда кісі басынан ай сайын 300 теңгеден жинап алатын кәсіпкер  құбырды алғалы бері жұрт қыс түссе тіршілік нәрін іздеп сабылып жүреді екен. Осы жолы да ауыз су тасуды әкімдік ұйымдастырыпты, оның өзі тұрғындарға жетпей қалып жатыр.

Аяз қысқанда құбырлары қатып қалған қонысбайлықтар мұны уақытша түйткіл деп түсіністікпен қараған екен. Бірақ екінші аптаға ауса да, ауыз су мәселесі шешілер емес. Міне, мына тұрғындардың екі көзі төрт болып су көлігін күтіп жүргеніне екінші күн. 20 шақырымдағы Көкшетаудан тіршілік нәрін тасып жүрген жалғыз көлік кеше келмей қалған. Жұрт бүгін де болмай қала ма деп алаңдаулы.

Өмір Ермағұлов, Қонысбай ауылының тұрғыны:

-2 жұма болды су жоқ шыдап жүрміз. Көлігі болғандар қалаға барып көлікпен тасиды. Өзі білмеймін не болғанын, диверсия сияқты.  

Ауыл тұрғынының бұлай деуі тегін емес. Құбыр қатып қалғалы басшылар да, жауапты мекемедегілер де тайлы-тұяғымен жүріп, құбырдың қатқан тұсын іздеген. Бірақ таппай сабылған. Шенеуніктердің дәрменсіздігіне өкпелі жұрт  тым болмаса, тасылатын тіршілік нәрінен қағылмасақ екен дейді. Ауыл әкімі бүтін ауылдың ауыз сусыз қалуына себеп болған құбырдың қатқан тұсын жобамен ауылдан екі шақырым жерінен енді таптық деп қуанып тұр.

Серік Сабыров,Қонысбай ауылдық аймағының әкімі:

- Қазір қаладан бригадамен келіскенбіз келіп қазады. Қыздырып ары қарай жібітеміз.    

Ауылдың су  құбыры осыдан 5 жыл бұрын  жеке кәсіпкердің сенімді басқаруына берілген екен. Содан бері жұрт талай рет тіршілік нәріне зар болып қалған. Осы жолы да жауапты кәсіпкер міндетін атқара алмай отыр.

Дастан Шарапов, кәсіпкер:

-Суды тасып жатырмыз. Жұрт сонда да жақсы демейді. Әкімдіктің есебінен су таситын көліктер жалданды. Қыздырып жатырмыз ғой. Сонда да болмай қалады. Бірақ жұрт уақытылы төлемейді. 

Құбырларды сенімді басқаруға алған меншік иесі жұртқа ауыз суды әлі 10 күндей бере алмайтынын айтады. 900 тұрғыны бар ауылға су жеткізуді міндетіне алған кәсіпкердің бір де бір техникасы жоқ.Тіпті жалданған көліктерге жанармайды да әкімдік тауып беріп жатыр.

Солай бола тұра, Зеренді аудандық әкімдігі өз балансындағы құбырды дәрменсіз кәсіпкерден қайтарып алуға асығар емес. Ал 200 түтіні бар Қонысбай ауылы кісі басына 300 теңгеден осы Шараповқа төлейді екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде