{metadescription}
Әлемнің ең жас миллиардерлерінің бірі ғарышқа автокөлігін аттандырды
Әлемнің ең жас миллиардерлерінің бірі ғарышқа автокөлігін аттандырды

Әлемнің ең жас миллиардерлерінің бірі ғарышқа автокөлігін аттандырды

Илон Маск тарихтағы ең үлкен зымыранды құрастырып, оны өзінің удай қымбат көлігімен бірге ғарышқа ұшырды.

Зымыранды сынақтан өткізу сәтін бүкіл әлем боп тамашалады. Флориданың Канаверал мүйісіне тартылған жұрт салмағы 1420 тонна алып ракета көкке көтеріліп, ғайып болғанша көз алмады.  Тарихтағы ең үлкен «Фалкон Хеви»  зымыран-тасығыштың әрі қарайғы сапарын халықаралық телеарналар тікелей эфирде жалғыстырды. Әлемдегі жас миллиардерлердің бірі, әрі өнертапқыш Илон Масктың SpaceХ компаниясы құрастырып шығарған бұл аспан алыбы әзірге зымырандардың ең мықтысы боп тұр. Бұған дейін 45 жыл бұрын ғарышкерлерді Айға жеткізген НАСА-ның «Сатурн 5» мінберін бермей rелген. Сәтті өткізілген бұл сынақ онсызда тарихта қалды. Өйткені, зымыранмен бірге адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа автокөлік ұшырылды. Илон Маск алыптың ішіне өзінің мініп жүрген қып-қызыл «Тесла Роадстер» көлігін салып жіберді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде