Қарағандының ауыз су құбырларына шұғыл түрде дезинфекция жүргізілмек
Бұған қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының жоспардан тыс тапсырмасы себеп болған.
Автор: Саят Сабдалы
07.02.2018
Қарағанды қаласы мен Ақтас елді мекенінде ақпаннның 8-і мен 9-ы аралығында ауыз суды қолданбау туралы ескертіліп жатыр. Өйткені бір тәулік бойы ауыз су құрамында хлор көбеймек. Осы арқылы мамандар құбырларды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Жоспардан тыс дезинфекция жасау өңірде жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға байланысты дейді мамандар. Өйткені 1 айдың ішінде ғана Қарағанды ауруханаларына сары ауру жұқтырған 70 адам түскен. Оның жартысынан астамы мектеп оқушылары. Өйткені 1 айдың ішінде ғана Қарағанды ауруханаларына осы кеселді жұқтырған 70 адам түскен. Оның жартысынан астамы мектеп оқушылары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!