Семейде жекенің қолына өтіп кеткен әуежайы мемлекеттің қарамағына қайтарылуы мүмкін
Шаһарға жұмыс сапарымен барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, кезінде құрдымға кеткен ғимаратқа түсініксіз жағдайда алматылық бір компания иелік етіп алған көрінеді. Енді шенеуніктер мәселенің мән-жайын анықтап, қайтарып алу үшін сотқа жүгінген екен.
07.02.2018
Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Жақын арада сот бұл ғимаратты мемлекеттің игілігіне қайтарып береді деп үміттенемін. онда бірден оны қалпына келтіру жұмыстарын қолға алатын боламыз. Бұл жалғыз әуежай әлемдік дәрежеде қызмет көрсетуі керек.
40 жылдан бері жөндеу көрмеген әуежайдың әбден тозығы жеткен. Сондықтан «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 2016 жылы жөндеу жұмыстарына 10 млрд теңге бөлініпті. Соның нәтижесінде ұшып- қону жолақтары қайта қалпына келтірілген. Әйтсе де, облыс әкімі ғимарат та күрделі жөнедуді талап етеді деп отыр. Қазіргі уақытта, оның терезесі мен шатырын ғана ауыстыру жеткіліксіз. Өйткені ішін де қалыпқа келтіріп, жолаушыларға жағдай жасалуы шарт. Алайда ғимаратта басталған жөндеу ісі бүгінде уақытша тоқтатылыған. Енді, мемлекет игілігіне қайтарылғанан кейін жұмыс жалғасын табады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!