{metadescription}
Астанада шатыры қирап қалған тұрғындар қорқыныш құшағында өмір сүріп жатыр
Астанада шатыры қирап қалған тұрғындар қорқыныш құшағында өмір сүріп жатыр

Астанада шатыры қирап қалған тұрғындар қорқыныш құшағында өмір сүріп жатыр

Шыңылтыр аязда шатырсыз қалды. Астанада қатты бораннан шатыры ұшып кеткен бесқабатты үйдің тұрғындары арқаның қытымыр қысында тоңып отыр. Қаһарлы қыста олар электр пешімен күнелтуге көшкен. Енді көктемде қардың суы төбеден сорғаласа, жағдай тіпті қиындайын деп тұр.

Қаңтардың 11-і күні болған қатты боран үй шатырының жартысын қопарып тастаған. Қираған кірпіш, сынған ағаш, бәрі быт-шыт. Бес қабатты үйдің шатыры астаң-кестең.

-Дауылдың қуатты болғаны соншалық, мынадай ауыр тастарды шатырымен қоса ұшырып әкеткен. Тіпті төбедегі бірнеше бетон плитаның орны жоқ. Осында йқалың мақта үй төбесін жауып жатуы керек. Бірақ, қатты жел оның барлығын ұшырып әкеткен.

Төбеден аударылған қаңылтыр шатыр мына балалар алаңқайына келіп түскен. Абырой болғанда қара суықта бұл жерде ешкім болмапты. Алайда, соның кесірінен осы маңайда тұрған бес бірдей көлік зақымданыпты. Арада айға жуық уақыт өтсе де үй шатырын жөндейін деп қол тигізген жан жоқ. Не пәтер иелері кооперативі, не жергілікті әкімдіктен қайыр тимепті. Ал тұрғындар кімнен көмек сұрарын білмей сенделіп қалған.

Ермұхан Жиенбаев, Астана қаласының тұрғыны:

-КСК-ға айттық, олар қимылдамайды. Әне-мінемен  енді жаңбыр жауатын болды. Жаңбыр жауса, мына үйдің төбесі құлайды, өрт шығады.

Осы үйдің бесінші қабатында тұратын Анастасия пәтерін электрлі жылытқыштың көмегімен ғана жылытып отыр. Арагідік суықтан кішкентайы жөтеліп қалған.

Анастасия Кузнецова, Астана қаласының тұрғыны:

-Қатты жел тұрғанда үй суытып, 15 градусқа дейін түсіп кетеді. Электр жылытқышты мүлде өшірмейміз. Шатырымыздан айрылғалы бері төбемізде тарсылдағанның бәрі естілетін болды. Енді көктемгі жаңбырда қар ерісе, төбемізден сорғалайын деп тұр.

ПИК төрағасы болса, апатты жағдайдан кейін  денсаулығын сылтауратып жұмыстан шығып кетіпті. Оның орнын басқан бас инжинер бұл табиғи апат, оның салдарымен біз күресуге тиісті емеспіз деп басын алып қашты. 

Валерий Коппель, ПИК-нің бас инжинері:

-Сарыарқа ауданы әкімдігіне хабарлассақ, олар тұрғын үй инспекциясына сілтеді. Олар Төтенше жағдайлар комитетінен сол күні дауыл болды деген қорытынды күтіп отыр. Біз емес, сол инспекция келіп жұмыс істеуі керек.

Тұрғындар әкімдік өкілдерін сарыла күткенімен, олар ұшты-күйлі жоқ. Енді бір хабар болмаса, жаураған жұрт шатырын жөндеуге өздері кіріспекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде