Сирия мәселесі бойынша Астана процесіне Ирак та қосылуы мүмкін
Мұны Ресейдің Ирактағы елшісі растап отыр. Елшінің айтуынша, қазір ресми Бағдадтың бұл үндеуін кепіл мемлекеттер - Ресей, Иран мен Түркия талқылап жатыр.
08.02.2018
Cарапшылардың айтуынша, Астана процесінде Ирак төбе көрсетсе, Сирия дағдарысын реттеу бағытында маңызды қадамның бірі саналмақ. Сондай-ақ, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, Сирия мәселесін талқыға салды. Әңгіменің негізі ауаны сириялық Африн және Идлиб қалаларындағы дағдарысты ауыздықтауға арналған. Сонымен қатар, екі ел басшысы Ресей, Иран және Түркия арасындағы келесі саммитті Стамбул қаласында өткізуді жоспарлап отырған көрінеді. Айта кетейік, қаңтар айында Түркия Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласында күрд жасақтарына қарсы әскери операция бастаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!