{metadescription}
Пхенчханда норовирус жұқтырғандар саны тоқсанға жуықтады
Пхенчханда норовирус жұқтырғандар саны тоқсанға жуықтады

Пхенчханда норовирус жұқтырғандар саны тоқсанға жуықтады

Ақ Олимпиада қалашығында 86 адам ауруханаға жеткізілген. Корея басылымдары науқастардың барлығынан дерлік норовирус инфекциясы анықталған деп жазуда.

Індетке шалдыққандардың басым бөлігі тәртіп сақшылары, спорттық нысандардың күзетшілері және тамақ әзірлеу орталығының қызметшілері. Аурудың алдын алу үшін мың екі жүз күзетші жұмыстан босатылып, карантинге жіберілген. Әзірге, спортшылардың арасында вирусты жұқытырғандар туралы ақпарат жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары ақпанның тоғызы мен 25 аралығында өтеді. Қазақстан намысын бұл додада 46 спортшы қорғайды. Ал жарыстың ресми ашулы салтанатында көк туымызды шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ұстап шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде