{metadescription}
Тасқын: Қызылорда облысында жарылған бөгет дереу жөнделіп жатыр
Тасқын: Қызылорда облысында жарылған бөгет дереу жөнделіп жатыр

Тасқын: Қызылорда облысында жарылған бөгет дереу жөнделіп жатыр

Қызылорда облысында тұрғындарға төнген тасқын қаупі сейіле бастады. Арнасынан асып, айналасындағы халықты шошытқан Сырдария өзені аз да болса арынын басты. Құтқарушылардың айтуынша, жайылым мен егіндік жерлерді су басқаны болмаса, тұрғындар зардап шекпеген.

Бөгеттің су жырып кеткен жерлерін топырақпен бітеп, оны қалпына келтіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа сексеннен астам адам мен 20-ға жуық техника жұмылдырылыпты. Олар биіктігі 1, ал ені 4-5 метр болатын топырақты бір жарым шақырым бойы төсеп шыққан. Айта кетейік, өзенде қатқан мұздың кесірінен су арнасынан шығып, Сырдария ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді. Яғни, Сырдария өзенінің Аласиыр деп аталатын арнасындағы бөгет жарылып, жұртты әуре-сарсаңға салған болатын.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

-Бәрі дұрысталып жатыр. Ол жақта алып бара жатқан бір жағдай жоқ. Тасқын  үйлерге жеткен де жоқ. Зардап шеккендер жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде