Сұмдық: Ақмола облысында жаңа туған сәбиді құдық ішіне көміп кеткендерге іздеу жарияланды
Ақмола облысындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Атбасар қаласында құдықтан сәбидің өлі денесі табылған еді. Шамамен 2-3 айлық қыз бала суағар жанындағы құдық түбінде көп уақыт жатып қалғанға ұқсайды. Адам шошырлық оқиғаның жәй-жапсарын аталған өңірдегі тілшіміз Айзат Тұрғынбекқызы анықтап көрді. Қазір ол бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
08.02.2018
-Сәбиді суағар құдығына тастағандардың кім екені анықталды ма?
Алдымен баланың қандай жағдайда табылғанын айта кетейін. Салмағы 5 келідей болатын нәрестенің денесі целлофан қапшыққа салынған екен.
Оны суағарларды жөндеп жүрген слесарь құдыққа түскен кезде тауып алған. Алғашқыда оралған ескі киім-кешектер екен деп ойлаған ол қапшықты сыртта қалған жұмысшыға беріпті. Ашса, ішінде бүліне нәрестенің бастаған мүрдесі бар болып шыққан. Олар бірден полицияға хабар береді. Сәбидің үстінде қызғылт комбинизон бар. Тіпті памперс те кигізіп қойған екен.Тергеу тобы кешеден бері Атбасардағы соңғы айларда босанған әйелдерді түгел іздестіріп жатыр. Бірақ мұндай сұмдыққа кімнің барғаны әзірге белгісіз. Ал баланы тірідей құдыққа батырды ма, әлде өлтіріп пакетке салып лақтырды ма, ол жағы сараптама арқылы анықталуы тиіс.
-Сәбиді әлдекімдердің құдыққа тастағанын көрген-білгендер бар ма? Кішкентай баланың мүрдесі онда қанша уақыт жатқан?
Шындығын айтқанда, әзірге полиция осы сұрақтарға қатысты нақты ештеңе айтып жатқан жоқ. Тек дерекке қатысты қылмыстық істің қозғалғаны мәлім. Атбасарда тергеу тобы сол іс бойынша жұмыс істеп жатыр. Біз де бұл оқиғаны өз бақылауымызда ұстайтын боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!