{metadescription}
"Ағайынды төртеу":  Жүргізушілер сотта қалай мұнай ұрлағандарын айтып берді
"Ағайынды төртеу":  Жүргізушілер сотта қалай мұнай ұрлағандарын айтып берді

"Ағайынды төртеу": Жүргізушілер сотта қалай мұнай ұрлағандарын айтып берді

Ақтөбеде атышулы «Ағайынды төртеудің» серкесі Еркін Ізбасардың ісіне қатысты сотта көлік жүргізушілері жауап берді. Олар ұрланған мұнайды қалай тасығандарын және кімдердің бұйрығын орындағанын жайып салды. Әйтсе де, куәлік еткендер басты айыпталушы Еркін Ізбасарды өмірі көрмегендерін айтады. Тек екі ортада жүрген соның жігіттері арқылы тапсырма алып отырған.

-Бұл сот процесі үш айдан бері үзіліссіз өтіп жатыр. Еркін Ізбасар бастаған жалпы 26 адам сотқа тартылуда. Оларға тағылған айыптардың көптігінен қылмыстық эпизодтарын бөліп-бөліп қарауға тура келіп отыр. Бүгін Байғанин ауданындағы Ащыкөл жерінен қалай мұнай ұрлағандарын куәгерлер айтып берді.

Куәлікке жүк көлігін айдаған жүргізушілер тартылды. Жұмыссыз жүрген оларды Еркін Ізбасардың жігіттері жалдаған. Ащыкөлден қара алтынды жасырын Ақтөбеге жеткізгені үшін әр сапарда жиырма мың теңге алып отырған. Куәгерлердің айтуынша, басты айыпталушы, «Ағайынды төртеудің» серкесі Еркінді ешқашан жүзбе-жүз көрмеген. Тек ұялы телефон арқылы оның қарамағындағы сыбайластарынан тапсырма алып отырыпты. Ең бастысы, мұнай шығатын жерге көліктерінің жарығын түсірмей, тиеп алуы керек болған. Ащыкөлден қара алтынды заңсыз алуға кімдердің көмек бергенін нақты айта алмайды. Себебі, ол адамдар бетперде киіп жүрді деп жауап берді. Сондай-ақ куәлік еткендер сот процессінде өздерінің жүзін камераға түсіруге де қарсы болды.

Ал Еркін Ізбасардың көңіл-күйі көтеріңкі. Тіпті, орысша жауап берген куәгерге қазақ тілін үйренуге кеңес берді. Десе де, оған тағылған айып ауыр. Осыдан 14 жыл бұрын қылмыстық ұйым құрған. Қару асынып, адам ұрлап, қарақшылықпен айналысты делінуде. Әсіресе ,аймақтағы мұнай компанияларына тыныштық бермеген екен. Бірақ мұнымен оның жақындары келіспейді.

Мейірхан Ізбасарова, айыпталушының анасы:

- Бұның кімнің алдынан өткенін. Кімнің қара мысық болып кескенін. Бұған тап-таза жала жауып отыр балама. Мұнайды түсінде де көрген жоқ.

-Еркін Ізбасар басқарған топқа қатысқан тергеудің өзі бір жылдан астам уақыт жүрді. Енді сот процесінің басталғанына да біраз болды. Бұл іс қашан соңына жетеді екен?

-Бұл істің өзі 257 томнан тұрады. Оның әлі жартысын қарап болмады. Сондықтан біразға созылады деп ойлаймын.  Себебі, қылмыстық топқа қолдау көрсеткен ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Рахат Ахановтың ісі бөлек эпизод болып қаралатын болды. Ол туралы да жаңалықтарымызда көрермендерді хабардар етеміз деп ойлаймын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде