Әділет министрі: Қиын кезде Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін басқаруы тиіс
Қауіпсіздік кеңесін Нұрсұлтан Назарбаев өмір бақи басқаруы мүмкін. Әділет министрлігі заңға осындай өзгеріс енгізіп, Парламентке жіберді. Құжатты қазір депутаттар қарап жатыр.
Автор: Жәудір Оразхан
08.02.2018
Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:
-Конституциялық реформа аясында Елбасы Қауіпсіздік кеңеске өмір бойы төрағалық етеді деген шешім қабылданды. Бұл халықтың президентке деген сенімін білдіреді. Терроризм, экстремизмнен қауіп төніп тұрған қиын кезде, еліміз үшін тұрақтылықтың маңызы зор.
Яғни, Марат Бекетаевтың айтуынша, іштегі бейбітшілік пен тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздік үшін құрылған Қауіпсіздік кеңесін тек Нұрсұлтан Назарбаев басқаруы тиіс. «Елбасы мәңгі төраға болсын» деп жазылған заң жобасын әзірлеген де Әділет министрлігі. Құжат қазір Мәжілістің қарауында. Жоба жақын аралықта жалпы отырыста талқылануы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!