{metadescription}
Дау: Астанада әлемге танымал би тобын ғимаратты жалға берушілер  далаға қуып шықты
Дау: Астанада әлемге танымал би тобын ғимаратты жалға берушілер  далаға қуып шықты

Дау: Астанада әлемге танымал би тобын ғимаратты жалға берушілер далаға қуып шықты

Елге ғана емес, күллі әлемге танымал дарынды бишілер далада қалды! Астанада жүзге тарта ұл-қызды өнерге баулып отырған үйірме шәкіттерін мемлекеттік ғимаратты жалға беріп отырғандар далаға қуып шықты. Нысанның қожайындары жалға беру ақысын екі еседен де көп қымбаттатып жіберген. Ал оны үйірме жетекшісінің қалтасы көтермейді. Қаржы қыспағына шыдай алмаған балалар амалсыз спорт кешенінің суық фойесінде жаттығып жатыр.

Республикалық және әлемдік додаларда алдына жан салмайтын би үйірмесінің шәкірттері «Алатау» спорт кешенінің суық фойесінде жаттығуға мәжбүр. Оларды жаңа басшылық бұрынғы залынан қуып шығыпты. Екінші үйіндей болған үйірменің осындай күйге түскеніне бишілер қатты қапалы.

Жансая Маман, би ансамблінің мүшесі:

-Қатысып келе жатқаныма екі жыл болды. Олар ойлайды, би ол әшейін іс деп. Бірақ, олар білмейді да біреуге ол өмір.

Би үйірмесінің жаттығу залы қазір тарс жабық. Есігіне мөр басып, бекітіп тастаған. Балаларының осынша қадірі қашқанына ата-аналар да ашынып кеткен. Елішілік жарыстарды былай қойып, шетелдерде өнер көрсетіп жүрген бишілер тобы енді бір залға жарымай қалған.

Салтанат Сейсенбекова, Астана қаласының тұрғыны:

-Бес жыл шыдады мына балалар терлерін ағызып. Шылқылдап, вентиляция жоқ жерде 5 жыл айналысты. Италияға да барды. Күллі жерге барып,  бірінші орындар алып жүр. Ақша керек боп өліп бара жатса, міне, бұрынғы бір ескі зал тұр, бос тұр.

Бұрынғы жаттығу залында дұрыс жағдай жасалмаған соң, үйірме жетекшісі аннан-мыннан қарызданып, 4,5 миллион теңгеге күрделі жөндеу жасаған екен. Алдыңғы басшылықпен ауызша келісіп, қалтасынан шыққан ақшаны жалға беру ақысынан ұстамақ болыпты. Бірақ, жаңа басшылық оны енді есіне алғысы келмейді. Онымен қоймай, бұрын 225 мың теңгенің орнына жалға алу құнын 566 мыңға бір-ақ көтерген.

Айнагүл Нұрғазина, «Номад» би ансамблінің жетекшісі:

-Алдыңғы басшылықпен бізде ауызша келісім болған. Өзара есептесіп жібереміз дегеннен кейін біз жөндеу жасадық. Олар өте қуанған, біз жөндеу жасап отырғанымызға. Қазір біз білмейміз не істеймізді?

Жөндеудің ақшасын есептемеген жаңа басшы Айнагүлдің мойнына тағы 2 миллион теңге қарыз жазып берген. Оны төлемесе, зал да жоқ, соттан бір-ақ шығамын дейді.

Денис Устинов, «Алатау» спорт кешені директорының міндетін атқарушы:

-Мемлекеттік мүлік туралы заңға сәйкес, мекеме көрсеткен қызметі үшін бағасын өзі қояды. Сол арқылы мекеменің шығынға батпауын қамтамасыз етеді. Былтыр тамыз айында бағалар бекітілген болатын. «Номадқа» да сол баға қолданылып отыр.

Енді бишілердің талай жылғы байқаулардан жеңіп алған жүлделері залдың кіреберісінде естелік болып тұр. 

-Үйірме жетекшісі мен ғимарат бәрібір бір келісімге келе алмады. Соның салдарынан жүзге тарта бала жаттығуын ғимараттың орталық фойесінде өткізуге мәжбүр. Өйткені, олар үшін ертең маңызды шара – білім министрінің алдында өнер көрсетуі керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде