{metadescription}
Ерлік: Қарағанды тұрғыны көпқабатты үйде өртке оранған пәтерден үш баланы құтқарды
Ерлік: Қарағанды тұрғыны көпқабатты үйде өртке оранған пәтерден үш баланы құтқарды

Ерлік: Қарағанды тұрғыны көпқабатты үйде өртке оранған пәтерден үш баланы құтқарды

Ол үшін Тахир Закизьянов өзінің үшінші қабаттағы пәтерінің балконы арқылы 4-ші қабатқа көтерілген. Отқа оранып, қара түтінге толған пәтерден көршісінің үш перзентін аман алып шығу үшін әбден арпалысқан. Тіпті 7 жастағы егіздерді төртінші қабаттан жерге лақтырыпты. Тахирдің ерлігіне тамсанған  көршілері  ол бірер минут кешіксе үш бала да мерт болар еді дейді. Ал Төтенше жағдайлар депатаменті ерлік жасаған азаматты марапаттауға дайынбыз дейді.

Ерлі-зайыпты Тахир мен Айгүл көрші пәтердегі өртті түсікілік уақытта үге келе жатқанда байқапты. Құлындағы дауысы шығып шырылдаған балаларды терезеден көргенде пәтерге жетіп балконға қалай шыққанымызды байқамай қалдық дейді. Тахир балкон арқылы жоғары қабатқа өтіпті. Бірден 1-ге жаңа толған Кристнианы Айгүлдің қолына берген. Тахир мына балконның жиегінде жармасып тұрып, асүйдің терезесінен қызды алып берген. Ал ұлдарды ұстауға Айгүлдің шамасы жетпеген. Тілсіз жау төніп келе жатқан соң, аяқ астынан шешім қабылдауға тура келіпті.

-Айгүл бүлдіршінді қабылдап алғаннан кейін жерге мына кілемді тастаған екен. Бұл ұтымды шешім болғанға ұқсайды. Өйткені көршілер тартып тұрған осы кілемге Тахир егіздерді лақтырған.

 Тахир Закизьянов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Біріншісін шайқап тұрдым да, абайлап төменге қарай жебере салдым Ал екіншісі маған жармасып алды. Қорқып тұрды, бала ғой енді. Әйтеуір темірден ұстап тұрған бір қолым талса да, барынша тырмысып, оны да тастадым. Аман-есен кілемге түсті.

Қазір, өртенген пәтерге жөндеу жұмыстарын көрші-қолаң жабылып жасап жатыр. Аман қалған балалардың туыстары көршісіне өлгенше қарыздар боламыз деп отыр.

Мейрам Түктірбаев, балалардың кіші атасы:

-Тахир болмаса, не боларын кім білсін. Інімнің балаларын аман алып қалғаны үшін оған басымды иіп тұрып алғыс айтамын. Әйтпесе, бүгін осы үйден үш өлікті шығарып, қан қақсайтын едік

Болжам бойынша, өрт үйде жалғыз қалған балалардың сіріңкемен ойнауынан тұтанған. Қазір оларды жалғыз тастап кеткен ата-анасынан жауап алынуда. Ал төтенше жағдайлар демартаменті ерлік жасаған азаматты марапатқа ұсынбақ. Дегенмен, Тахирді қазір отты сөндірген су басып талқандалған пәтерін жөндеу мәселесі көбірек алаңдатады.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде