{metadescription}
Ақтаулық ақсақал көпшілікті күш-қуатымен қайран қалдырды
Ақтаулық ақсақал көпшілікті күш-қуатымен қайран қалдырды

Ақтаулық ақсақал көпшілікті күш-қуатымен қайран қалдырды

Жасы алпысты алқымдаған Жексен Аюповтың мықтылығы соншалық, ол гимнастшыларға арналған роликпен бұлшық еті жаттығуын 100 рет жасай алады екен.

Жексен Аюповтың өзінің осы әрекетін желіге жүктегені сол-ақ екен, жұрт оны «супер ақсақал» атап кетіпті. Оның айтуынша, мұндай көрсеткішке қол жеткізуге кішкентайынан бері спортпен айналысуы әсер еткен. Қазір де қарап отырмайды. Таң қылаң берсе болғаны, жүгіріп, турникке тартылады. Тіпті, жұмыс орны – базарда тұрса да бос уақытын жаттығулар жасаумен өткізетін көрінеді. Жексен Аюпов қазір өзімен жарысатын адам іздеп жүр. Жеңіп жатса, сұраған ақшасын да беремін отыр. Бірақ әзірге ақсақалдың алдына шығар жан табылмай тұр.

Жексен Аюпов, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Маған тең келетін бәсекелес іздеймін. Тезірек табылса екен. Маған қызық бұл. Менен басқа біреудің жасай алатынына сенімді емеспін. Бәлкім, бар шығар, бірақ, әй қайдам, қазір бір жігіт келемін деген, онымен 50 мың теңгеге бәстестік. Соны күтіп жүрмін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде