Теміртауда 5-ші сынып оқышысы өз үйінде асылып өлді
Ал туғандарының айтуынша, 10 жастағы Ксения Белозерова үйінде жаттығу жасап жүргенде абайсыздан мойынорағышына қылғынып қалыпты. Ауыр атлетикамен айналысқан озат оқушы үнемі үйде жаттығатын еді дейді олар. Полицейлер болса, әзірге бұл іс жайлы ешбір ақпарат бермей отыр.
Автор: Саят Сабдалы
09.02.2018
Мектеп үшін бұл оқиға оңай тимеген секілді. Өйткені кеше ғана сабақтан ойнап күліп кеткен баланың бүгін жоқ екеніне ешкім сенер емес. Оқушылар дәлізге Ксенияның суретін қойып, қайғыра көңіл айтқан сөздерін де жазыпты. Мұғалімдері марқұмды ақылды қыз еді дейді. Оқуда алдына жан салмаған, спортта да нәтиже көрсетіп келе жатқан. Қыз өліміне байланысты желіде желдей тараған ақпарат жалған екен. Туғандары мен мұғалімдері 10 жасар қыздың желідегі қауіпті ойындармен байланысы жоқ дейді. Қызда тіпті ұялы телефон да болмаған екен.
Жанна Исмайылова, №1 мектеп директорының орынбасары:
-Кеше ғана математикадан суммативтік емтихан тапсырып жақсы баға алды. Қуанып кеткен. Өзіне қол жұмсады дегенге сенбеймін. Ашық жарқын, оқуда озат еді. Ғаламторға кіретіндей телефоны да жоқ. Сондықтан қауіпті ойынның құрбаны болды деуге негіз жоқ.
Ақпанның 3 күні Қарағандыда 7 сынып оқушысы асылып өлген болатын. Дегенмен 14 жастағы Настя Изотова ның өліміне байланысты полиция өзіне қол жұмсауға итермеледі деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ретінде оның желідегі танысы танылып отыр. Ол жеткіншекті өлім тақырыбына тартып, өзіне қалай қол жұмсау кереттігін тәптіштеп түсіндірген дейді жақындары. Полиция мен прокуратура екі өлімді бір бірімен байланыстырмайды, бірақ толыққанды ақпарат та бермей отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!