Әбу-Даби мен Дубайға енді еркін бара алатын болдық
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері визасыз режим орнату бойынша ішкі мемлекетаралық шараларын аяқтады. Енді қазақтар наурыздың онынан бастап осы елге 30 күнге визасыз кіре алады.
Автор: Ербол Тұрымбет
09.02.2018
Сыртқы істер министрлігі осылайша ел азаматтары үшін визасыз режим географиясын кеңейте түсті. Қазақстан мен Араб әмірліктері екі ел азаматтарын, ұлттық паспорт иелерін визадан босату жөнінде былтыр мамыр айында келісімге келген болатын. Бүгінде келісім бойынша ішкі мемлекетаралық шаралар аяқталған. Енді Дубайға саяхаттау үшін виза дайындату қажет емес, тек төлқұжат жеткілікті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
11 ақпан
Серіктестер жаңалықтары