Олимпиадада қазақ туын ұстап шыққан кім?
Армысың, Ақ Олимпиада! Пхенчханда XXIII қысқы Олимпиада ойындары жалауын көтерді. Астана уақытымен сағат 17:00 де дүбірлі додаданың ресми ашылуы болды. Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ұстап шықты.
09.02.2018
Төрткүл дүние көзін тіккен жарыста Қазақстанның намысын 46 спортшы қорғайды. Олардың еншісінде 57 жолдама бар. Құрама командамыз қысқы спорттың 9 түрінен бақ сынайды. Саңалақтарымыздың алғашқылары жарыс жолына да шығып үлгерді. Бүгін үш бірдей могулшы финалға жолдама алды. Олар Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков. Ал Аяулым Әмренова өзінің алғашқы мүмкіндігін мүлт жіберді. Деседе 16 жасар спортшы қызымыз үшін жарыс аяқталған жоқ. Әлі де жақсы нәтиже көрсетуіне мүмкіндік бар. Ақ Олимпиада ақпанның 25-не дейін жалғаспақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!