{metadescription}
Назарбаевтан сөз естіген кімдер?
Назарбаевтан сөз естіген кімдер?

Назарбаевтан сөз естіген кімдер?

Нұрсұлтан Назарбаев қара халықтың қалтасын қағып байыған банктерге бақылауды күшейтуге пәрмен берді. Бүгін Астанаға министрлер кабинеті, облыс әкімдері мен ұлттық компаниялардың басшыларын  жинаған Елбасы оларды нағыз сынның астына алды. Себебі Үкіметтің жұмысы тек қағаз жүзінде жақсы. Ал шын мәнінде бюджеттің миллиардттары жөнді жұмсалмай, ұстағанның қолы, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Бұған ашуланған мемлекет басшысы тал түсте елдің ақшасын тонатып, қарап отырған шенділердің шаңын қақты.

Екінші деңгейлі банктер мемлекетке әбден масыл болып алған. Түбі тесік шелек сынды. Олар қаржылық қиындыққа тап болса, Үкімет дереу триллиондап ақша құяды. Оның қайтарымын көріп жатқан ешкім жоқ.

Яғни, шенеуніктер акционерлерге мәселені өз беттерінше шешуіне мұрша бермей отыр. Данияр Ақышев басынан дау арылмаған банктер жайлы сөз қозғай бергені сол еді, президент сөзін үзіп, төрағаның өзін тығырыққа тіреді. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

-60% обязательств этого банка составляли счета квазигосударственного сектора. В банке RBK 90% кредитов были выданы четырём заёмщикам, являвшимся либо акционерами банка, либо связанными лицами.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  

-Когда мы с этим делом закончим? У всех перед глазами тотальное воровство денег государства и народа "БТА Банком" во главе с Аблязовым. По всему миру мы сейчас раскрыли и доказали, что это было явное воровство денег государства. А что сейчас? Создали банк, и теперь туда поверили, пошли люди, нацкомпании, и теперь эти акционеры вытаскивают оттуда деньги, а Национальный Банк сидит и наблюдает.

Қысқасы, Назарбаев коммерциялық банктерге көзсіз көмекті доғаруды бұйырды. Проблемалы банктер шетінен банкрот болсын немесе қожайындары қалтасынан қаржы салсын дейді президент. Ал екінші деңгейлі банктердің арасындағы былықты қатаң бақылауға алу үшін мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасына шұғыл жаңа заң жобасын енгізуге пәрмен берді. Құжат Ұлттық банктің құзыретін кеңейтіп, қаржылық құйтұрқылықтың алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс. Елбасының бұл ойын қолдап, қолпаштамақ болған Ақышев тағы сөз естіп тынды.

- Нурсултан Абишевич, совершенно верно, как правило…

- Ну что "совершенно верно"? А для чего надзорный орган нужен нам?

- Спасибо большое, Нурсултан Абишевич.

- Что спасибо? Ты давно должен был это сделать – привести предложение.

Жемқорлықпен ұсталған шенеуніктердің санынан адам шошиды. Небары екі жылда 2 мың 200 лауазымды мемлекеттік қызметкерге қатысты іс қозғалған. Олардың қатарында министр, облыс әкімдері мен өзге де басшылар бар. Назарбаев, әсіресе, қазір істі болып жатқан Қуандық Бишімбаевтың сенімді ақтамағанына қынжылыс білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:  

-Экономика министрі  болып жүрген Куандык Бишімбаев – очень жалко мне, честно говоря. Обучали, «Болашақпен» алып келдік. Үміт арттық, ертеңгі күні өсетін, елдің бір тұтқасын ұстайтын жігіт болады дедік. Міне, осындай болды. Столько тратим времени, денег на подготовку людей. Вот гендиректор «Казавтодора». Шыдай алмайды. Проводится досудебное расследование в отношении председателя комитета геологии Министерства по инвестициям и развитию, председателя Комитета фармации Минздрава. 

Назарбаев жемқорлыққа қарсы күресіп жүрген құқық қорғау органдарының да басынан сипай қоймады. Қазір прокурор, полицейлерге ел сене бермейтінін ашық айтты. Ал парамен қолға түскен адамды бірден қудаламай, мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  

-Вы сами говорите, что на западе 80-90 процентов дел решается мирным путем, переговорами. Почему мы так не делаем? У нас обязательно надо человека поймать и посадить, хотя этот вопрос можно решить.

Ал бүгін президенттен сөз естіген жалғыз Ақышев емес. Нұрсұлтан Назарбаев премьерден бастап, бүкіл министрді сілкіп алды. Тіпті экономикадағы жетістігін тізіп шыққан Бақытжан Сағынтаевқа өзіңе сыни көзбен қарай алмайсың деп кемшілігін бетіне басты. 

Үкімет отырысына арнайы келіп қатысқан президент бүгін ешкімді аяған жоқ. Алдымен Елбасы алдында Бақытжан Сағынтаев тындырған шаруасына есеп берді. Сөз жоқ, премьердің баяндамасы оптимизге толы. Алайда, жұмысының кемшілігін айтқан жоқ. Бұл жағы Назарбаевқа ұнай қоймады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Соңғы Жолдауды орындау нәтижесінде не істедіңдер? Бір ай өтті. – Соңғы Жолдау нәтижесі бойынша Үкіметте жалпыұлттық бағдарлама қабылданды және де сала-сала бойынша көрсетілген 10 тапсырма бойынша әрбір министрлік бойынша тапсырмалар берілді, индикаторлар қойылды, жылдың соңына дейін тапсырмалар орындалатын болады. Жақсы баяндадың, бірақ самокритика жоқ. 

Сағынтаевтан соң таяқтың ұшы Қанат Бозымбаевқа тиді. Елдегі жанармай тапшылығы үшін бұған дейін Энергетика министрлігі Елбасыдан ескерту алған. Бүгін де мұнай өңдеу зауытының құрылысын созып жібергені үшін сынның астында қалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы модернизировали три НПЗ, дефицит по ГСМ покрывается в Казахстане на ближайшие три-четыре года. Да, Қанат Бозымбаев? Потом снова надо будет импортироватьКогда я говорил, что надо строить немедленно четвертый завод, вы доказывали, что он нам будет не нужен. Что у нас ГСМ девать будет некуда. Мы начинаем работу тогда, когда проблема нас уже догнала.

Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрлігіне де шүйлікті. Өйткені, жолдың жөнделуіне жауапты "Қазақавтожолдың" басшылары пара алып қамауда отыр. Ал атышулы бұл мекеме Қасымбек басқаратын министрлікке қарасты.

-Как у государства появляются деньги, аппетиты у них возрастают до небес. Для чего министерство? Для того, чтобы контролировать расходы государственных денег. Это минус тебе в работе.

Соңғы айларда елде еңбек даулары ушығып кетті. Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігі жиі сынға ұшырап жүр. Әрі бұл ведомства жұмыссыздар мәселесін толық шешуі тиіс еді. Алайда қолға алынған шаруаның шатқаяқтай бастағаны Елбасыға жақпады.

-2 миллион 700 мың адам дейді. Оны 16 облысқа, 89 қалаға, 169 ауданға, 7500 ауылға бөлсек қаншадан болады? Просто никто не работал. Министру Дүйсеновой я много раз говорил. Не болды енді Тамара, айтшы. Әлде шаршадың ба сен мына жұмыстан? 2,7 миллион жаңағы өзіңіз айтқан, оның ішінде жұмыс істейтін азаматтарды бөліп шығардық. Бөліп шығарып, олардың 800 мыңы қазір жарналарын төлеп жатыр. Қалған 1,5 миллион азамат.

Сөзден сүрінбейтін Дүйсенованың жауабы тез табыла кетті. Бірақ бұндай жауапқа президенттің көңілі көншімеді. Сондықтан Назарбаев шаруасын мандыта алмаған министрлер мен әкімдермен басқаша сөйлесетінін айтты. Яғни, міндетін орындай алмаса, отставкаға жіберілмек. Ал мемлекет басшысынан 3 сағат бойы сөз естіген Үкімет мүшелері тез арада түзелуге уәде етіп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.