{metadescription}
Алматыда сағызша созылған іске нүкте қойылды
Алматыда сағызша созылған іске нүкте қойылды

Алматыда сағызша созылған іске нүкте қойылды

Миллион теңге қарызын қайтармау үшін басшылығының атына ұрып-соқты, қоқан лоқы көрсетті деп арызданған жәбірленушінің талабын сотта сол күйі дәлелденген жоқ. Тіпті, сот отырысына куәгер ретінде қатысқан тергеуші оның атынан басқалар қол қойып жүргенін, күдіктілерден жауап алмағанын жайып салды.

Кәсіпкер Артем Посин қол астына алып, жұмысқа тұрғызған Сергей Крылов есімді қызметкерінің жапқан жалған жаласына күйінеді. Фирмалары тауар тасымалымен айналысады. Ал қызметкері миллион теңгенің тауарын өткізіп, ақшасын кассаға емес қалтасына басыпты. Кейін қайтарудың жолын таппағасын, Крылов өз көлігін қолхатпен қалдырып, берешегінен құтылмақ болған.

Артем Посин:

-Крылов Сергей бізді көлігін мәжбүрлеп, қол-хат жаздырып тартып алды деп кінәлап отыр. Қарызын қайтара алмайтын болғандықтан, көлігін қалдырып кеткен өзі болатын. Оны сатқан да жоқпыз. Сондықтан, айыптарының бәрі негізсіз. Тергеу ешқандай дәлел болмаса да, неге екенін екі жылға созылып кетті. Осы уақыт аралығында компаниямның жұмысы тұралап, біраз адамды жұмыстан шығаруға тура келді.

Бұл істе Посиннің көмекшісі Сергей Айдаров та күдікті ретінде жауапқа тартылды. Арыз жазған қызметкердің пікірінше, қара бұлтты төндіріп қорқытқан, бопсалаған сол көрінеді.

Сергей Айдаров, күдікті:

-Жоғалып кетті. Бір қызығы көлігін өзі қалдырып кеткесін араға жарты жыл салып бірақ арыз жазған. Егер біз шынында да оны тартып алсақ, ертеңіне де полицияға шағымданса болар еді ғой.

Түймедейден түйедейге айналған іс екі жыл тергеліп, соңғы алты айдан бері сот жүрген. Күдіктілердің қылмысын айғақтайтын нақты дәлел де жоқ. Жауап алуда, көп құжаттарда қорғаушылар сәйкеспеушілікті тапқан. Тіптен, куәгер ретінде келген тергеуші құжаттардағы қолды өзі қоймағанын, бұл азаматтардан жауап алмағанын айтты.Сот саралай келе, күдікті деп танылған Посин мен Айдаровты кінәсіз деп тапты. Ал, тергеу материалында кеткен қателіктерге қатысты енді полицейлерге жаңадан тексеріс басталуы мүмкін.

Айжан Қосмұратова, адвокат:

-Бұл фирманың директорына және көмекшісіне жасалған қасақана қылмыс деп ойлаймыз. Өйткені статистика бойынша Қазақстагнда күдіктіні ақтап алу жайттары сирек кездеседі. Ол, статистика бойынша 0,1 процент шығар. 0536 Мен бұл істе Қазақстанға әлі жалпы келмеген әлі ешкім қолданбаған методиканы қолдандым бірінші рет.

Үш жылға жуық сергелдеңге салған істің соңғы нүктесі қойылды. Жаладан күйіп кете жаздаған күдіктілер ақталды. Ал, қарызын қайтармау үшін өзгеге ор қазған азаматтың енді берешегін беруден басқа амалы қалмады. Өйтпеген жағдайда оның атына енді арыз жазылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде