{metadescription}
Петропавл тұрғындары несие рәсімдегені үшін комиссия алған банкпен соттасып жатыр
Петропавл тұрғындары несие рәсімдегені үшін комиссия алған банкпен соттасып жатыр

Петропавл тұрғындары несие рәсімдегені үшін комиссия алған банкпен соттасып жатыр

Мойындарында несиелері бар петропавлдықтар  екінші деңгейлі банктерді жаппай сотқа сүйреп жатыр.  Осыдан алты жыл бұрын Ұлттық банк қаржы мекемелеріне несие қызметі үшін комиссия алуға тыйым салған екен. Алайда қаржыгерлер оның атын өзгертіп, жұртқа берілетін қашаның пайызын заңсыз ұстап қалып отырған. Солтүстік Қазақстанда сот алғаш рет  тұтынушыны алдаған банкті жауапқа тартты. 

Сот отырысына қорғаушысын жіберген бойжеткен 3 жыл бұрын банктен 1 миллион 600 мың теңгені екі жылға рәсімдеген екен. Алайда келісім шартты дұрыс оқымаған ол ай сайын 9 мың теңгедей банкке артық төлеп келгенін білмеген. Білікті қорғаушы жалдаған қыз енді қаржыгерлерден  200 мың теңгеден артық ақшасын қайтарып алатын болды. 2012 жылы Ұлттық банк екінші деңгейлі қаржы мекемелерін  «несие шотын жүргізгені үшін» халықтан комиссия алуға тыйым салған екен. Алайда әккі банкирлер бұл қызметтің атын «несиеге қызмет көрсеткені үшін » деп өзгертіп, жұрттың қалтасын қағуын тоқтатпаған. Петропавл қалалық соты бүгін алғаш рет банкті осы ақшаны қайтарып  беруге міндеттеді. Банкирлер ай сайын тұтынушыдан ақшаны нақты қандай қызмет үшін алғанын дәлелдей алмаған.  Заңгерлер бұл енді қозғалған сеңнің басы ғана деп отыр.  Қазірдің өзінде оларға қалалықтардан сотқа осындай  шағым түсіру туралы өтініштер қаптап кетіпті.

Рүстем Қаби,қорғаушы:

-Біз екі жыл бойы осындай істер бойынша халықтың  мүддесін сотта қорғап жүрміз. Нәтижесінде банктердің жұрттан заңсыз алған 30 миллион теңгедей  қаржысын иелеріне қайтарып бердік. Бәрі де осы несие комиссиясына байланысты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде