{metadescription}
Алматы облысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар шу шығарды
Алматы облысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар шу шығарды

Алматы облысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар шу шығарды

Көп балалы және жалғызбасты аналар, мүгедектер мен жағдайы нашар жандар жаңа жылдан бері мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыдан қағылған. Айтуларынша, жергілікті  шенділер олардың табыстарын дұрыс есептемепті. Үкіметтен берілетін арнайы  көмектен қағылып отырмыз деген олар шенділерге барып шағымын айтқанымен, атқамінерлер заңға енгізілген өзгерістерді алға тартып, оларды құрқол шығарып салды.

Мынау сол атаулы әлеуметтік көмектен қағылып, меселі қайтқан отбасылар. Заңға енгізілген өзгерістерге сай, енді бұл ақшаны тек табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс дейгейінің жартысынан аспағандар ғана ала алады екен. Алайда соның өзін дұрыс есептемеді деп ашынады көп балалы аналар.

Айман  Бектемісова, көпбалалы ана:

-Жолдасым да жұмыс жасайды. Мен де жұмыс жасаймын. 35 мыңнан аламыз. Соны АСП- ға өткізіп көріп едім, сіздің табысыңыз көп дейді. 7 адам үйде,70 мың қалай асып етеді. Түсінбедім.

Еліміз бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 мың теңге деп белгіленген екен. Сонда отбасына шаққанда әр жанға табыс 14 мыңнан аспауы тиіс. Шенділердің есебі мен біздің есебіміз жанаспайды дейді жұрт.  

Ләззат Шалабаева, көпбалалы ана:

-60 мың жалақы аламын. Жалақың асып кетті деп жәрдемақы бермей қойды. Болмайды ғой өйтуге, алаларға беру керек қой.

Атқамінерлер заңға енгізілген өзгерістерге сай, енді тек отбасының  жалақысы ғана емес, батыр ана,  не мүгедектігі үшін тағайындалған  жәрдемақылар да табыс болып саналатындығын жеткізді. Көпбалалы аналар оны есептемеген.  Әр отбасына жанымыз ашығанымен, заңнан асып кете алмаймыз дейді шенділер 

Серік Амандосов, Қаратал аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы:

-Енді былай нақты келсе, әр үйге барып жүрміз ғой жұмыс бабымен аралап, сонда бұлардың үйлерінде нақты балалар көп, жағдайлары өте қиын, бұларды да түсінуге болады. Жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар, күйеулері науқастанғанына байланысты жұмыс істей алмайды.

Шендінің айтуынша, тығырықтан шығар жол бар. Жергілікті әкімдіктердің  жағдайы тым төмен отбасыларына  бір реттік  жәрдемақы беруге құқы бар екен. Тек  400 мың теңгедей болатын бұл ақшаны алу үшін қыруар құжат жинау керек.  Жалпы Қаратал ауданына осындай шығындарға деп бюджеттен 100 миллион теңге қарастырылыпты. Оны алуға 500 отбасынан өтініш түскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде