Шымкентте бір отбасын қырып салған қаскөй Тараздан табылды
Оңтүстік Қазақстанның тумасы бірақ бірнеше жылдан бері Таразда тұрып жатқан 27 жастағы жігітті қазір полицейлер тергеп жатыр.
Автор: Бек Әбиев
12.02.2018
Құзырлы органдар жарамды ақпаратқа да жарытпай отыр. Бірақ, кей деректер бойынша күдікті бұрын да ұрлық және тонау баптары бойынша отырып шыққан екен. Марқұмдардың туыстарының сөзінше ол көз жұмған Александрдің танысы болған. Бірге компютердегі ДОТА ойынын ойнап, содан қаскөйге қарыз болып қалған. Ал, кей мәліметтер бойынша қылмыскер оның үйіне қымбат компьютерлік құрылғыны ұрлау мақсатында кіріп, алдынан шыққан досының анасын ұрып өлтірген. Сабақтан келген досын , інісімен бірге буындырып тастаған. Істің анық-қанығын қазір полицейлер тергеп-тексеруде. Айта кетейік, анасы мен екі ұлын өлтірген оқиға 4 күн бұрын болған еді. Өз үйінде 53 жастағы әйел мен оның 21 және 12 жастағы ұлдарының өлігі табылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!