{metadescription}
Каспий теңізіндегі тіршілікке қауіп төнді
Каспий теңізіндегі тіршілікке қауіп төнді

Каспий теңізіндегі тіршілікке қауіп төнді

Атырау облысындағы кезінде пайдаланып, қазір қараусыз қалған 100-ге жуық ұңғыма аз уақытта теңіздің табанында қалуы мүмкін.

Ал, мұнай суымен араласса, теңіздегі тіршілік бір сәтте қырылуы мүмкін. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін апатты ұңғымалардың біреуі ғана бітеліпті. Ал, өзгелері қоршаған ортаға  әлі де қауіп төндіріп тұр. Қауіптің бетін қалай қайтаруға болады? Қазір осы жағдайды бізге түсіндіріп беру үшін Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ Бисембиев тікелей байланысқа шықпақшы.

Апатты жағдайдағы мұнай ұңғымаларынан келер қауіп қандай? Осы уақытқа дейін не себепті тек бір ғана ұңғыма жойылған: қаржы бөлінбей жатыр ма әлде басқа да себептері бар ма?

Және соңғы сұрақ: облыстағы атышулы Күмісбике кен орны туралы айта кетсеңіз. Кезінде оның қызығын көріп, артынан қалай болса солай тастап кеткен қожайындары табылды ма? Табылса, шара қолданылды ма?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде