Маңғыстауда қыздың үстіне қайнаған май шашқан жігіт сотталды
Сыра бермедің деп сатушы қыздың үстіне қайнап тұрған майды шашып жіберген маңғыстаулық жігіт жазасын алды. Сот 31 жастағы Қасым Жұмақановты кінәлі деп тауып оны екі жыл түрмеге қамау туралы
Автор: Асыл Махмет
12.02.2018
үкім шығарды. Сондай-ақ ол денесінің 30 пайызы күйіп қалған Сымбат Қозыбайға бір миллион теңге өтемақы төлеуі керек. Алайда жәбірленуші тарап бұл жаза өте жеңіл деп отыр.
Мұнайлы соты бүгін елді шулатқан іске нүкте қойды. Сатушы қызды ыстық майға қуыра жаздаған 31 жастағы Қасым Жұмақанов енді екі жылын түрмеде өткізеді. Таңғы бесте сыра сатпадың деп байбалам салған азамат Сымбат Қозыбай есімді бойжеткеннің денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Алайда қылмыскер айыбын мойындаған жоқ. Ашуға булығып тұрып, абайсызда май толы қазанды теуіп жібердім дейді. Салдарынан 20 жастағы сұлудың беті-жүзі, мойын тұсына дейін , яғни денесінің 30 пайызын күйік шалған Сымбат әлі күнге ем қабылдап жатыр. Және беті басын тұмшалап жүруге мәжбүр.
Сымбат Қозыбай, жәбірленуші:
-Терім тартылып күндіз де, түнде де ұйықтай алмаймын. Өмір сүргім келмей кетеді. Өздері әдейі қасақана жасап тұрып мені кінәлайды.
Жәбірленуші тарап Қасымның туыстары қыздың ем-домына көмектеспек түгілі хәлін сұрап келуге жарамады дейді. Осы үшін сот залының алдында екі жақ төбелесіп қала жаздады. Сымбаттың ата-анасы тек моральдық шығын үшін 5 миллион теңге талап еткен. Бірақ сот бір миллион моральдық, және 373 мың материалдық шығын өндіру туралы шешім шығарды. Жәбірленуші тарап бұл сомма -мазақ қылғанмен тең дейді. Жиырмаға енді толған арудың ішкі күйзелісін айтпағанда, оның дәрі-дәрмегіне кеткен қаражаттың да орнын жаппайды деп отыр.
Жаңагүл Естұрғанова, жәбірленушінің әпкесі:
-Миллион теңге оның ешқандай да осы уақытқа дейін кешкен ауыртпашылығын, жанының қиналғанын да өтемейді. Ол қандай ситуациядан өтті. Қандай ауыр болды оған даже орнынан тұра алған жоқ. Айта алмаймын мен...
Сымбат Қазыбайдың туыстары қаскөйге екі жыл түрме де аз дейді. Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру бабы бойынша қылмыскер кемі 5 жылға қамалауы керек екен. Алайда сот Қасымның кішкентай баласы бар екенін және ол отбасының жалғыз асыраушысы екенін ескеріп осындай жаза тағайындады. Және оқыс жағдай болған дәмхана қожайынына да ескерту жасалды. Үкімге көңілі толмаған Сымбат қайта шағым түсірмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!