{metadescription}
0:000:00
Павлодарда әлдекімді ұрып жатқан ақхалаттылар бейнетаспаға түсіп қалды

Павлодарда әлдекімді ұрып жатқан ақхалаттылар бейнетаспаға түсіп қалды

Олар жедел-жәрдем станциясы қызметкерінің арнайы киімін кигенімен дәрігерлерге  еш қатысы жоқ екен. 

Таяқ жеп қалған ер адам медициналық қалдық таситын көлікті тонамақ болыпты. Мұны аңғарған фирма қызметкері оны ұстап, көнбеген соң тіпті тепкінің астына да алған. Куәгерлердің айтуынша, қашып құтылмақ болған бұзақы осы аумақтағы клиникаға жиі келетін арнайы көлікті бұған дейін де тонауға әрекеттенген. Қазір бұл жайтқа қатысты полицейлер тексеріс бастаған. Ал ғаламторда тарап үлгерген бейнені желі қолданушылары қызу талқылауда. Мән-жайды білмей дәрігерлерді бекер сөгіп жатқан көпшіліктің бұл әрекетіне жедел-жәрдем станциясының жетекшілері де бей-жай қарай алмай отыр. Сондықтан беделдеріне нұқсан келтірген мекемелердің ісімен құзырлы органдар айналысса деп тілейді.

Алмаз Мекішев, Жедел-жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

-Анықтағанымыз бұл біздің жедел-жәрдем станциясының қызметкерлері емес болып шықты. Түгел бригадаларды джипиэс бойынша бақылап шықтық.Осы бейне көрініс жазылған уақытта ешқай біздің бригада бұл аумақта мына Камзина, Павлова, Катаев көшесі кварталдарында ешбір бригада болған емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде