Астанада адам қаққан Статистика комитетінің лауазымды қызметкеріне қатысты сот басталды
Болат Молдағалиев үш ай бұрын Есілдің сол жағалауында жас қызды қымбат көлігімен басып өткен болатын. Кейін кроссовер тізгіндеген 38 жастағы азамат эпилепсиямен ауырғанын айтып, ақталуға тырысқаны есте.
Автор: Досжан Маратұлы
13.02.2018
Шатылып жатқан сол қара Инфинитидің иесі міне. Статистика комитетінің бөлім басшысына «адам қағып», «оқиға орнынан қашып кетті» деген баптар бойынша айып тағылған. Ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған ол, сотқа үйінен келіп жүр. Алғашқы процесс ұзаққа созылған жоқ. Судья тараптармен танысып, арыз-талаптарын тыңдады. Ал, жантүршігерлік жол апаты былтыр қараша айында болған еді. Ақпараттық-есептеу орталығының бөлім басшысы Астанадағы танымал сауда орталығының алдында көлігімен екі темір тұлпарды соғып, жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан үш қызды қағып өткен. Оның бірі дін аман, екіншісі жеңіл жарақаттанып, үшіншісі ес-түссіз ауруханаға жеткізілген болатын. Сау сүйегі қалмаған Әсел Рымханова қазір емін үйінде жалғастыруда. Ал, рөлде талма ауруы ұстап, жол апатын жасадым деген жігіт бүгін 24 жастағы қыздан тағы кешірім сұрады.
БОЛАТ МОЛДАҒАЛИЕВ, АЙЫПТАЛУШЫ:
-Әселден және өзге де зардап шеккен жандардан тағы кешірім сұраймын. Олардың алдында кінәмді мойындаймын. Соған сай жаза алуға дайынмын. Бірақ, тергеушілер айтқандай оқиға орнынан ешқайда қашқан жоқпын. Дәлелім бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!