{metadescription}
"Шаршаған" Дүйсенованың орнына келген  Мәдина Әбілқасымова  жұмыссыздықпен қалай күресетінін айтты
"Шаршаған" Дүйсенованың орнына келген  Мәдина Әбілқасымова  жұмыссыздықпен қалай күресетінін айтты

"Шаршаған" Дүйсенованың орнына келген Мәдина Әбілқасымова жұмыссыздықпен қалай күресетінін айтты

Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар үшін арнайы заң жазылады. Су жаңа Еңбек министрі 3 миллионға жуық адамның кәсібін  ресми тіркеудің тиімді жолын біледі екен. Министр ретінде тілшілерге алғаш рет сұқбат берген Мәдина Әбілқасымова  бір жылдық жоспарларымен бөлісті. Толығырақ Үкімет сағатына қатысып келген астаналық әріптесімнен сұрап білейік.

-Тамара Дүйсенова жылдар бойы  шеше алмаған мәселені  Мәдина Әбілқасымова қысқа уақытта қалай  реттеймін дейді?

Мәдина Әбілқасымованың қарқыны қатты.  Еңбек министрлігін тізгіндегеніне небары төрт күн  болса да, біраз дүниені жоспарлап қойыпты. Су жаңа министр ең алдымен өзін-өзі белгісіз жұмыспен қамтып жүргендерді ресми түрде тіркеп, оларға қалай да  мемлекетке салық төлетпек. Әбілқасымованың бірінші кезекте бұл мәселеге кірісуі де орынды. Өйткені, тағынан түсіп қалған  Еңбек министрі  Тамар Дүйсенова  өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендердің кім екенін анықтай алмағаны үшін президенттен талай рет сөз естіп, ескерту алған еді. Енді Әбілқасымова Дүйсенованың қателігін қайталағысы келмейтін сынды.  

Мәдина Әбілқасымова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Елімізде 2-3 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтып жүр. Кәсібін еш жерде тіркемеген. Зейнетақы қорына, әлеуметтік жүйге қатыспайды. Бұл мәселені шешу үшін жаңа заң жобасын әзірлеп жатырмыз. Салықтық жеңілдіктер жасалады. Сонда оларды тіркеу оңай болады.

Министрдің айтуынша, егер азаматтың айлық табысы 339 мың теңгеден  аспаса, жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұрудың қажеті жоқ. Үкімет тек оның мәртебесі мен табысын анықтайды. Осыған байланысты Әбілқасымова    Қаржы министрлігінің шұғыл Салық кодексіне өзгеріс енгізуіне тапсырма беріңіз деп, премьерге өтініш жасады.

-Жаңа министрдің міндетті медицианлық сақтандыру жүйесіне қатысты қандай жоспары бар екен?  

Әбілқасымова биыл міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшуге қызу дайындықты бастаймыз деп отыр. Сондай-ақ, министр еңбек дауын шешудің жаңа ережесі бекітпек.

Мәдина Әбілқасымова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Алдағы үш жылға мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында келісім жасадық. Бұл жаңа ереже. Әркімнің құқығы нақты жазылған. Еңбек дауын шешудің жаңа әдістері бекітіледі.

Үкімет сағатында әлеуметтік мәселелерден бөлек, төртінші мұнай өңдеу зауытының салынатын орны мен жанармай тапшылығы және  Ұлттық қордың шетелде бұғатталған шотына қатысты да сөз болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде