{metadescription}
Егіз ұлдарын өлтіріп, 18 жылға сотталған әйел өзін ақтауды сұрады
Егіз ұлдарын өлтіріп, 18 жылға сотталған әйел өзін ақтауды сұрады

Егіз ұлдарын өлтіріп, 18 жылға сотталған әйел өзін ақтауды сұрады

Алла Волченконың мұндай тілегін апелляциялық сотта адвокаты мәлімдеді. Оның азаматтық некедегі күйеуі де 20 жыл жазасын қысқартуды өтінген. Десе де, судьялар қатаң үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бақытжан Қараманов, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы:

- Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының Эмиль Гильмутдинов пен Алла Волченкоға қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырамыз. Сотталушылардың бүкіл апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалсын.

Қатыгез ата-ана тиісті жазаларын өткен жылдың соңында алған болатын. Бірақ, екеуі де үкімге келіспейді екен. Эмиль Гильмутдинов қылмысты алдын-ала жоспарламастан, ойда-жоқта жасағанын алға тартып, жазасын жеңілдетіп алмақ болды. Әрі ұлдарын өлтіріп болған соң, бұған өкініпті-мыс. Ал, Волченко қылмыс туралы түк білмедім деуін қояр емес. 1 жасар егіз балалардың өлі денелері қыркүйекте көпқабатты үйлердің біріндегі тоңазтқыштан табылған болатын. Ерлі-зайыпты онымен тоқтамай, үлкен ұлдарын да көше ортасына қараусыз тастап кеткен. Қазір ол бүлдіршін балалар үйінде өсіп жатыр. Сәбидің алдағы тағдырын қамқоршылық органы, яғни, Медеу ауданының білім басқармасы шешетін болды. 2 жасар Равильді алып кетуге Эмиль Гильмутдиновтың анасы ниетті. Өзбекстандық әйел бұл үшін қажетті құжаттарды жинап та қойыпты.

Айткүл Кемебаева, Медеу аудандық білім бөлімінің бас маманы:

- Ол қажетті құжаттарды түгел жинады. Қазір бұл мәселе Медеу аудандық әкімдігінде қаралып жатыр. Равильдің тағдыры 1 ай ішінде шешіліп қалуы керек. Ал, Алла Волченконы ана құқығынан айыру туралы бөлек шағым түсіретін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде