{metadescription}
Елімізде төлқұжатқа  адам аты мен тегі латынша жазылатын болды
Елімізде төлқұжатқа  адам аты мен тегі латынша жазылатын болды

Елімізде төлқұжатқа адам аты мен тегі латынша жазылатын болды

Елімізде үш жылдан кейін жеке куәлік пен төлқұжатқа адам аты мен тегі латынша жазылатын болды. Жаңа әліпбиге ауысудың ауқымды жоспарын әзірлеген Мәдениет министрлігі бүгін маңызды құжатты таныстырды.

Ерлан Қожағапанов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

-2021-2023 жылдарда латын графикасының негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарды беруді қамтамасыз ету көзделген. Филологтар мен лингвистерді тарта отырып, семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастыралатын болады.

Жалпы, құжатта 2025 жылға дейін латын қаріпіне кезең-кезеңмен қалай көшетініміз бүге-шүгесіне дейін қамтылған. Алдымен, мектеп кітаптарын қайта латын әріптерімен басып шығару көзделіп отыр. Мәселен, келесі жылдан бастап кіші сынаптар біртіндеп жаңа графикаға ауыса бастайды. Әрі латын графикасын оқыту орталықтары көбейеді. Ал, 2024 жылдан бастап жергілікті әкімдіктердің іс-қағаздары мен мемлекеттік басылымдар латынға көшеді. Жалпы, осы қызметтерді ұйымдастырып, іске асыру үшін Үкімет «Тіл қазына» дейтін серіктестік құруды да жоспарлап отыр. Айта кетейік, латынға көшу туралы жарлыққа президент қол қойғанымен, жаңа графиканың соңғы нұсқасы бекітілген жоқ. Оны Ұлттық комиссия жақында жария етуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде