Бозымбаев тапшылық туралы шындықты айтты
Жанармай тапшылығынан құтылмаймыз! Энергетика министрі 5 жылдан кейін жұрт тағы да бензин мен дизель отынын таппай қалуы мүмкін деген болжам жасады. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң да тапшылық бітпейді.
13.02.2018
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
-Ұзақ мерзімде 2022-23 жылдар арасында бензин мен дизель отыны дефицит байқалатын түрлері бар. 2026-жылдан бастап жаңадан авиакеросиннің дефициті байқалады. Сұраныс бұл отынға өсетін болады 4-6 пайыздың арасында. Бүгін бұл мәселені, төртінші НПЗ құрылысын қолға алу керек.
Сондықтан, Энергетика министрлігі төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына кіріспек. Үкімет Ресей сарапшылары және Ұлттық экономика мен Энергетика министрліктерімен бірігіп арнайы комиссия құрыпты. Арнайы топ төртіншы зауыттың қайда салынатынын, құрылысқа қажетті қаржының көлемі мен өндірістік күшін анықтайтын болады. Қанат Бозымбаев қазір Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталды деді. Ал Атыраудағы кәсіпорын жақында іске қосылады, Шымкенттегі зауыт жыл соңына дейін ашылады екен. Үш зауыт іске қосылса, ішкі нарықты 100 пайыз отандық бензинмен қамтамасыз етеміз дейді министр. Бірақ бұл отын түріне сұраныс арта береді екен. Ал оны жабу қиынға соғатын түрі бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!