{metadescription}
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің тізіміне енді
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің тізіміне енді

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің тізіміне енді

Әлемдегі ең бақытты елдер белгілі болды! Бұл тізімде Қазақстан алтыншы орынға жайғасқан. Gallup International тәуелсіз зерттеулер агенттігінің мәліметіне қарағанда, былтыр біздегі бақыт индексі 74 пайызды құрапты.

Ал, 2 жыл бұрын Қазақстан 60-ыншы орынды қанағат тұтқан еді. Бұл жолы зерттеу 55 ел арасында жүргізілген. Солардың ішінде ең бақытты жандар Фиджиде тұрады. Ондағы 92 пайыз халықтың өмірі шаттыққа толы. Екінші орында Колумбия. Ал, үштікті филиппиндіктер қорытындылайды. Тізім соңында Украина, Иран және атыс-шабыстан көз ашпайтын Ирак тұр. Қазақстанның биыл да бақыт индексі бойынша озық шығатын түрі бар. Өйткені, тұрғындардың жартысы 2018 жылы бақыт еселене түседі деп ойлайды екен. Шаттық жайлаған елдерді анықтау үшін 54 мың адамнан жауап алынған. Оларға негізінен жеке бас бақытына қатысты сұрақтар қойылыпты. Солардың жартысынан көбі өздерін шынайы бақытты сезінеді. Ал, өміріне көңілі толмайтындар 11 пайызды құрады. Қалғандары не бақытты, не бақытсыз емес. Осының бәрін есептей келе, былтыр әлем бойынша бақыт индексінің төмендегені белгілі болды. Яғни, ол 48 пайызды құраған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде