{metadescription}
Шымкентте олигархты бопсалаған жігіт сотталып кетті
Шымкентте олигархты бопсалаған жігіт сотталып кетті

Шымкентте олигархты бопсалаған жігіт сотталып кетті

Шымкенттік олигарх Серікжан Сейітжановтан 7 миллион доллар бопсалаған бұрынғы серіктесі 7 жылға сотталып тынды. Қазақстандық «Форбстың» тізімінде 17-ші болып тұрған кәсіпкердің кезіндегі 24 миллион теңгелік қарызын 20 жыл ішінде 7 миллион долларға өсті деп есептеген Бөкейхан Қайыпназаров телефонмен Сейітжановтың мазасын алғаны айтылған.

Тіпті қыруар қаражатты бермесең былықтарыңды ашамын деп қорқытқанын олигархтың өзі алдыңғы сот отырысында айтқан еді.Олигарх әрі облыстық мәслихаттың депутаты Бөкейхановтың қарызынан әлдеқашан құтылғанын айтып ақталған болатын. Бірақ, ескі танысы Бөкейхан Қайыпназаровтың екі әйелінен 7 баласы бар екенін ескеріп, кешірім беретінін жеткізген. Алайда, судья мұны назарға алмаған сыңайлы. Немересінің үйлену тойындағы ондаған миллион теңге тұратын тортпен танымал болған олигархты өкпелеткені үшін, судья Қайыпназаровты қауіпсіздігі барынша күшейтілген колонияға жіберді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде