{metadescription}
Министр Қасымбек 4 жылдан соң тас-талқаны шыққан жолдарды тақтайдай етуге уәде етті
Министр Қасымбек 4 жылдан соң тас-талқаны шыққан жолдарды тақтайдай етуге уәде етті

Министр Қасымбек 4 жылдан соң тас-талқаны шыққан жолдарды тақтайдай етуге уәде етті

Елімізде ауыл-аймақтарда тозығы жеткен жолдар жаппай жөнделмек. Бүгін Инвеститция және даму министрі 2022 жылға дейін облыстардағы шұрық-тесік асфальттардың басым бөлігін тақтайдай тегіс қыламын  деп сендірді.  Бірақ, Жеңіс Қасымбек ол үшін бюджеттен қосымша 60 миллиард теңге қажет деп отыр.

-Толығырақ, министрдің есеп беру жиынына қатысқан тілшіміз айтып беруге дайын. Қайырлы күн Досжан. Сонымен, сау жерінен шұңқыры көп жолдар қашан жөнделеді?

Иә, расымен еліміздегі жолдардың сапасы сын көтермейді. Әсіресе, аймақтардағы трассалардың тас-талқаны шыққан.

Мұны Инвестиция және даму министрі де мойындап отыр. Сондықтан Жеңіс Қасымбек алдымен облыстардағы осы тозығы жеткен трассаларды жаппай жөндейміз дейді. Ол үшін әрине қыруар қаржы керек. Министрдің айтуынша, шамамен 60 миллиард теңге қажет. Оның жартысы республикалық, қалғаны жергілікті бюджеттен бөлінеді деп жоспарланған.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

-Осы арқылы аймақтарда жыл сайын 4 мың шақырым жолды жөндей аламыз. Сөйтіп, 2020-2022 жылдарға дейін тозған трассаларды жаңарту жоспарда бар. Бұл шамамен жергілікті жолдардың 85 пайызы тақтайдай болады деген сөз.

-Түсінікті, Инвестиция және даму министрлігі бұған дейін, ипотеканың   пайызын  төмендейтіні  туралы да айтқан еді. Бүгін осы туралы толығырақ біле алдыңдар ма?

Иә, мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін ипотекалардың пайызы арзандайтыны көпті қызықтырып отырғаны анық. Бірақ, білгеніміздей, бұл әзірге қағаз жүзінде екен. Яғни, қазір еліміздегі ипотеканың ең төмен жылдық пайызы 10-ға тең. Министрлік баспана алуды бұдан да жеңілдетуді көздеп отыр. Ол үшін екінші деңгейлі банктерді қолдау үшін миллиардтап қаржы да бөлінбек. Бірақ, ипотека нақты қаншаға азаятыны белгісіз. Мыңдаған қазақстандыққа баспана алуға көмектесуі тиіс құжатты қазір министрлік әзірлеуде.

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

-Ондай ұсынысты біз дайындап отырмыз. 10 пайыздан да  арзан болса екен деп. Оны Үкімет қолдаса жақында естисіздер толығырақ. Екіншідін құрылыс жинақ банкінің механизмдерін дамытып жатырмыз. Олардың енді пайызын өздеріңіз білесіздер, 5 пайыздан бастап, 9,5 пайызға дейін жетеді.

Инвеститция және даму министрлігінің жиынын да бұдан өзге де маңызды ақпараттар айтылды. Бірақ, оларды кешкі 18-30-дағы қорытынды жаңалықтарда !

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде