Премьера: «Тайландтағы демалыс»
Отандық киноөндірістің қоржыны тағы бір комедиямен толықты. «Тайландтағы демалыс» деп аталатын фильм көрерменге жол тартты.
Автор: Асыл Махмет
14.02.2018
Фильмнің желісі студеттер мен қатал ұстаздың арасындағы қарым-қатынас негізінде құралған. Емтиханнан жақсы балл жинай алмаса да мойымаған жастар қысқы демалысты Тайландта өткізуге бел буады. Жатақханада екі тәлімгер және әйелі мен бала шағасы кетіп қалған профессор қалады.
Тәуіп оқыған суды ішіп алған студеттің айтқан әрбір сөзі айнымай келіп, фильм сәт сайын шым-шытырық оқиғаларымен алмасып отырады. Режиссер Ален Ниязбековтың жаңашылдықтан қорықпай эксперименттерге барғанын бірден аңғаруға болады. Басты кейіпкерлерді сомдағандар да елімізде әзілмен танылған азаматтар.
Нұрлан Қоянбаев, актер:
-К өрерменге басқа форматтағы кино берейік деп шештік. Сол үшін Амеркаға да барып келдік.
Тайландтағы демалыстың немен аяқталғанын білгіңіз келсе ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін комедияны тамашалауға асығыңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!