{metadescription}
Түрік жігітке тұрмысқа шыққан павлодарлық келіншек Стамбұлдан елге қайта алмай жылап отыр
Түрік жігітке тұрмысқа шыққан павлодарлық келіншек Стамбұлдан елге қайта алмай жылап отыр

Түрік жігітке тұрмысқа шыққан павлодарлық келіншек Стамбұлдан елге қайта алмай жылап отыр

Шетелдік еркектің қақпанына түскен! Павлодарлық келіншек шиеттей қызымен Стамбұлдан елге қайта алмай отыр. Бұған себеп  балаға талас. Қазақстан азаматтығына ие бүлдіршіннің Түркиядан аттап басуына сот тыйым салған. Өйткені, түрік жігіті оның әкесі екенін заң алдында дәлелдеуге кірісіпті. Сөйтіп, оны тартып алмақ. Ал, бауыр еті баламды жат жұртқа тастамаймын деген Виктория Мозговаяның ендігі үміті дипломаттарда.

Виканың түрік жігітпен қарым-қатынасы 3 жыл бұрын басталған. Шетел азаматы Павлодарға арнайы келіп, оны Стамбұлға ертіп кетіпті. Сөйтіп, екеуі азаматтық некеде тұрады. Тек қыздың аяғы ауыр екені белгілі болғанда, түркиялық романтик ұшты-күйлі жоқ болған. Арбауға түскен Виктория сол кезде елге оралады. Осында босанып, қызына Қазақстан азаматтығы беріліпті.

Виктория Мозговая:

- Бала менің атыма жазылған. Оны бағып-қағуға менің ғана құқығым бар. Ал, оның еш қатысы жоқ.

Кейін некемізді заңдастырамыз деп, сәбиімен Түркияға қайта шақыртыпты. Бір рет опық жесе де, келіншек сезім жетегінде тағы шекара асқан. Кейін белгілі болғандай, Мехмет Аксой есімді азаматқа керегі кішкентай Айлин екен. Ал, Викторияның өзін ұрып-соғуды шығарған. Тіпті, оның жақындарына хабарласып, қоқан-лоқы көрсетіпті.

Виктория Мозговая:

- Әбден зәбір көрген соң Қазақстанға қайтпақ болдым. Бірақ, бұған да тосқауыл қойылды. Яғни, әуежайда баламның Түркиядан шығуына тыйым салынғанын білдік. Сөйтіп, амалсыз, осында қалдым.

Сөйтсе, түрік азаматы баланың әкесі екенін заң алдында дәлелдеуге кірісіпті. Яғни, азаматтық іс қозғатқан. Енді кішкентай Айлинге сот-медициналық сараптама жасатқызбақ. Бірақ, Виктория бұған түбегейлі қарсы. Өйткені, сотта бәрі расталып, перзенті Түркияда мәңгілікке қалып қоя ма деп қорқады. Анасының да уайымы осы.

Тамара Мозговая, Викторияның анасы:

- Біз қызымыздың түрік жігітпен бас қосуына о баста қарсы болдық. Бірақ, жүрекке әмір жүрмеді. Енді немерем екеуін тез арада елге қайтару керек. Дипломаттар қол ұшын созса екен.

Консулдық қиындыққа тап болған қазақстан азаматтарын қонақүйге орналастырған. Әрі бұл тыйымды жою туралы сотқа нота да жолдапты

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Дипломаттар Викториямен байланыста. Қолдан келген көмекті береміз. Олардың құқығын қорғау үшін барымызды салып жатырмыз. Түркия сотына тыйымды алып тастау туралы тағы да нота жолдаймыз.

- Бірақ, дипломаттардың шағымына соттың қашан және қандай жауап қататыны белгісіз. Қазір Виктория балаға сот-медициналық сараптама жасатудан ресми түрде бас тартқан. Бірақ, көңілі әлі жай табар емес. Стамбұлдағы әр күні қорқынышпен өтіп жатыр. Сондықтан, тезірек қызымен бірге Отанға оралсам дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде