{metadescription}
Терезесіне ту ілген қызылордалық Сұлтан Тумашиновке қатысты іс жабылып тынды
Терезесіне ту ілген қызылордалық Сұлтан Тумашиновке қатысты іс жабылып тынды

Терезесіне ту ілген қызылордалық Сұлтан Тумашиновке қатысты іс жабылып тынды

Енді ол тәртіп сақшылары салған 453 мың теңге айыппұлды төлемейтін болды. Өйткені, Жоғарғы сот Сұлттанның қылығын құптап, жергілікті ішкі істер басқармасының әкімшілік жазаға тарту туралы қаулысының күшін жойған.

Сұлтан Тумашинов Терезеге ту ілгені үшін тәртіп сақшыларынан теперіш көремін деп мүлдем ойламаған. Осыдан үш ай бұрын үйіне мемлекеттік рәмізді қорладың деген желеумен учаскелік инспекторлар сау ете қалады. Сол бойда әкімшілік акт толтырып, 453 мың теңге айыппұлды мойнына іледі. Мұнымен келіспеген Сұлтан Тумашинов жоғарғы сотқа дейін шағымданып, ақыры жазадан құтылды. Енді туды төріме ешкімнен қорықпастан, еркін ілетін болдым деп қуанып отыр.

Сұлтан Тумашинов, Қызылорда қаласының тұрғыны:       

-Жоғарғы соттың қаулысы қолыма тиген бойда туды қайта орнына іліп қойдым. Енді ешкім маған заң бұздың деп айта алмайды. Әділдік іздеп шырылдағанымда қолдау көрсеткендер көп болды. Жұрт тіпті айыппұлды жинап бергісі келді. Заңгерлердің біліктілігі арқасында оң шешім шығаруға қол жеткіздік.

Сұлтан қайда жүрсе де көк байрақты жанынан тастамаған. Патриот болғаным үшін үш ай бойы сандалдым деп отыр. Тәртіп сақшылары толтырған әкімшілік жазадан құтылу үшін алдымен Қызылорданның қалалық сотына барыпты. Ондағылар қаулыны өзгеріссіз қалдырады. Кейін әлеуметтік желі арқылы бұл оқиға қызу талқыға түседі.

Мұрат Төлегенов, адвокат:

-Заңгерлік көмек беруге шешім қабылдадық. Тумашиновтан сенімхат алып, оның атынан бас прокуратураға шағым түсіргенбіз. Олар өз тарапынан жоғарғы сотқа наразылық хатын жолдады. Ақыры Қызылорданың жергілікті полиция қызметінің қаулысы күшін жойды.

Енді Сұлтан өзіне айыппұл салған тәртіп сақшыларын жазалауды талап етіп отыр. Қызметтерінен қуылмаса да, ең болмағанда көпшілік алдында кешірім сұрасын дегенді айтады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде