ОАР президенті өз еркімен биліктен кетті
Оңтүстік Африка Республикасының президенті уақытынан бұрын орнын босатты. Джейкоб Зума сәрсенбі күні халыққа жолдауында биліктен кетенін айтты.
15.02.2018
«Африка ұлттық конгресінің» қысымына шыдамаған басшы, «елде мен үшін қантөгіс болғанын қаламаймын, сондықтан тақтан түсемін» деді. Бұған дейін конгрес Африкадағы ірі жемқорлық дауынан кейін, президенттің отставкаға кетуін талап етіп, болмаған жағдайда импичминт жариялайтынын мәлімдеген. Джейкоб Зума Оңтүстік Африка республикасын 2009 жылдан бері басқарды. Ал 2014 жылы ол екінші рет сайланған оның президенттік өкілеттілігі тек келесі жылы аяқталу керек болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!