Америкада мектептегі атысқа байланысты жаңа деректер шықты
АҚШ-та мектептегі атыстан 17 адам қайтыс болып, тағы 50-і жарақат алған. Оққа ұшқандардың басым бөлігі оқушылар мен ұстаздар. Қайғылы оқиға Флорида штатының Паркленд қаласында болды.
15.02.2018
12 адамның мүрдесі мектептің ішінен табылса, екеуі білім ордасының ауласында, бірі көшеде атылған. Тағы екеуі ауруханаға жетпей көз жұмған екен. Қанды қырғынды осы мектептен біраз уақыт бұрын тәртібі үшін қуылған 19 жастағы Николас Круз жасапты. Мұғалімдері мен сыныптастарын қуып жүріп атқан жігіт оқиға орнынан ізін суытпақ болғанда қолға түскен. Николас бұған дейін өзін мектептен шығарғандарды жазалауға келетінін айтып, әлеуметтік желіде қару-жарағының суретін де жариялапты. Бірақ бұған ешкім мән бермеген. Қазір ол тергеліп жатыр. Ал атыс болған мектеп бір аптаға жабылады. Айта кету керек, жыл басынан бері АҚШ-тың 8 мектебінде оқ атылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!