Астанада 15 тәрбиеленушісі уланған балабақшаның жауапты басшылары жазаланды
Олқылық жіберген мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі мен медбикесі жұмыстан қуылған.
Автор: Сабина Мәдиқызы
15.02.2018
Себебі балабақшадағы оқыс оқиға санитарлық талаптардың ескерілмегенінен болған. Яғни , балаларға мерзімі өткен тамақтар берілген болуы мүмкін. Ұл-қыздарға нақты диагноз мен олардың қандай азықтан ұшынғаны әлі тексеріліп жатыр. Айта кетсек, бір апта бұрын Астанадағы №36 мектепке дейінгі мекеменің 9 бүлдіршіні мен олардың тәрбиешісі астан уұшынып ауруханаға түскен болатын. Қазіргі кезде 3 бала мен бір тәрбиеші әлі де ем қабылдап жатыр. Осы жәйттен соң балабақшаларда тексеріс күшейген.
Жазира Асанова, Астана қаласы Білім басқармасы баспасөз-хатшысы:
–Қазіргі уақытта біз мемлекеттік балабақшаларды және мемлекеттік тапсырыс бар балабақшаларды тексеріп отырмыз. Әрине біз жекеменшік балабақшалардың басшыларымен де кездесеміз. Өйткені бұл мәселе өте күрделі болып саналады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!