«Красный уровень» сериалы бір айдан соң эфирге шығады
Шытырман оқиғаға толы «Красный уровень» сериалы арнамыздан наурыз айында көрсетіле бастайды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің террористік ұйым мүшелерімен күресін суреттейтін туындыда көрермендер қым-қуыт оқиғаларға қаныға алады. Түсірілім жұмыстарына арнайы шақырылған танымал режиссер Валерий Мызниковтың айтуынша, экшн жанрындағы сериалдың өзегінде махаббат желісі де көрініс табады.
Автор: Мақсат Мәлік
15.02.2018
Ел қауіпсіздігін мұрат еткен сериалдың өн бойында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері лаңкестердің жолын кесіп, содырлармен күресті мықтап қолға алады. Ал, оларды отандық белгілі актерлер Берік Айтжанов пен Тәуекел Мүсілім сомдаған. Тіпті, жау секілді жағадан алып, етектен тартқан содырлардың бейнесі шынайы шығуы үшін түсірілім алаңында теолог мамандар жұмыс істеген. 150-ге жуық актер еңбек еткен туындыны түсіруге үш ай уақыт кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!