{metadescription}
Оралда жол жиегіне шашылған тауықтың аяқтары тұрғындардың ашуын келтірді
Оралда жол жиегіне шашылған тауықтың аяқтары тұрғындардың ашуын келтірді

Оралда жол жиегіне шашылған тауықтың аяқтары тұрғындардың ашуын келтірді

Жағымсыз иісті әуелі Рыбцех елді мекеннің тұрғындары сезіп, оның қайдан шығып жатқанын іздей бастаған.

Қарға-құзғынның да ауыл маңындағы жол шетіне шоғырланғанынан сезіктеніп, тексергенде тауықтың аяқтарын тапқан. Кейін бұлардың Оралдағы «Жайық Ет»жауапкершілігіи  шектеулі серіктестігіне тиесілі екені белгілі болды. Бірақ, басшыларының сөзіне сенсек, тауық аяқтарының бей-берекет шашылып жатуына серіктестік қызметкерлері емес, қарға-құзғындар кінәлі екен. Өйткені қалдықтарды мекеме аумағындағы қоқыс контейнерінен солар тасып әкеткен. Ал көршілес Щапова ауылына жеткізіліп, жойылуға тиіс қалдықтардың жиналып қалуына оны тасымалдайтын көліктің бұзылып қалуы себеп болыпты.

Асан  Сұлтанғалиев, «Жайық Ет» ЖШС директоры:

-Қоқысқа бір қарға келсе, оның артынан бірнешеуі келеді емес пе? Міне, солар, бір-бір аяқтан алып кетіп, айналаны толтырып тастаған. Осылайша, олар 7-8 қап болатын қалдықтардың далада шашылуына себепші болып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.