Елімізде криптовалютамен сауда жасауға тыйым салына ма?
Мұндай қаржылық операциялардың қауіпті екенін айтқан сенаторлар электронды ақшаға заңмен шектеу қоюды сұрап отыр. Өйткені, тиісті бақылау болмаған соң, виртуалды ақшамен заңсыз сауда жүргізетіндер көбейген.
Автор: Досжан Маратұлы
15.02.2018
ДУЛАТ ҚҰСДӘУЛЕТОВ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:
-Кейбір азаматтарымыз криптовалютамен үй, автокөлік сатып алып жатыр. Бірақ, бұл қаншалықты дұрыс? Ертең алаяқтар азаматтарымызды алдап кетпей ме? Бақылау болмаған соң, есірткі, қару-жарақ сатып алатындар да бар. Бұлай жалғасса қылмыстың саны артады.
Оның үстіне электронды ақшағаҰлттық банк, не басқа құзырлы орындар тарапынан бақылау жоқ. Әрі ол елімізде заңды түрде төлем құралы болып саналмайды. Сондықтан, қолдағы ақшасын ғаламторға салып, еселеп көбейтуді көздеген жұрт алаяқтарға жем болуы мүмкін дейді сенаторлар. Бұдан бөлек, криптовалюта саудасы ғана емес, елдер арасындағы экономикалық байланыс та сөз болды. Мәселен, Қаржы министрі Сенатқа Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-саттық туралы заң жобасын алып келген. Бірақ, депутаттар құжатты мақұлдамас бұрын, Каспийдің ар жағындағы көрші мемлекетке берілген Біріңғай зейнетақы қорына тиесі миллиардтарды министрдің есіне салды. Бірақ, сөзден сүрінбейтін Сұлтанов бұл сұрақтан оңай сытылып кетті.
БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
-Зейнетақы қорындағы 71 миллиард теңге Әзірбайжан банкіне инвестиция ретінде салынғаны рас. Бірақ, банк банкрот болғанымен, ақшаның қайтатынына көрші елдің Үкіметі кепілдік беріп отыр. Қайтару уақытын 15 жылға ұзарттық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!