{metadescription}
Қызылордада орталық газ жүйесіне жалғанған екі пәтерде  жарылыс болды
Қызылордада орталық газ жүйесіне жалғанған екі пәтерде  жарылыс болды

Қызылордада орталық газ жүйесіне жалғанған екі пәтерде жарылыс болды

Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Оқыс оқиға болған ықшамауданда 9 мыңға жуық отбасы бәр тәулік бойы көгілдір отынсыз қалған. Мамандар жарылыс газ тарататын құбырдағы ақаудың кесірінен болды деп отыр. Қазір жөндеу жұмыстары басталып та кетіпті. Тұрғындарға көгілдір отын  қосымша құбыр арқылы біртіндеп беріліп жатыр. Газ тарататын компания зардап шеккен отбасыларына көмек береміз деп уәде етіпті.

Алғашқы жарылыс кеше күндіз Шанхай ықшамауданындағы мына екіқабатты үйде болған. Бірінші қабаттағы пәтерден алдымен гүрс  еткен дыбыс шығып, артынша балкон қабырғасы опырылып түсіпті. Абырой болғанда,  үйде ешкім жоқ екен.  Араға сүт пісірім уақыт өтпей жатып- ақ  көрші үйден екінші жарылыстың даусы естілген. Гүрс еткен дыбыстың арты өртке ұласыпты.

Айзада Асанова, Қызылорда қаласының тұрғыны:

-Газды мен негізі бесте тұр еді, бірақ мен күйеуіме айтып екіге қойдырып кеттім. Бесте тұра бергенде,  ол бүкіл үй кететін  еді.  Енді әкімдіктен көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл екі үй де орталықтандырылған газ құбырына жалғанған. Оқыс оқиға орын алған сәтте- ақ  газ тарататын  компания сол ықшамаудандағы 9 мыңға жуық абонентті газдан ажыратыпты. Айтуларынша, шаһарды көгілдір отынмен қамтамасыз ететін екі құбыр тарату жүйесі бар екен. Жарылыс соның бірінен шыққан ақаудың кесірінен болған. 

Бауыржан  Сәтмағанбетов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Не үшін сынды, оның бәрін шешетін комиссия. Өйткені өздеріңіз білесіздер, қаңтар айында қатты суық болды, ол шыдаған.

Қазір газсыз қалған тұрғындар қосымша құбырға жалғанып, оларға бірте бірте көгілдір отын беріліп жатыр. Газбен жұмыс істейтін жергілікті жылу беретін кәсіпорын да құбырдағы газ қысымын қалыпта ұстап тұру үшін уақытша мазутқа ауыстырылыпты.

Медет Усайын, Қызылорда облыстық энергетика басқармасының басшысы :

-Бізде екі мөлтекаудан,Тасбөгет мөлтекауданды 3 ГРП  ажыратылып тұр. Шамамен 1300 абонент қазір газсыз отыр. Казір "Газтрансгазаймақ" қоғамы айтқандай осы 3 ГРП- ны дейін қосамыз деп жоспарлап отырмыз.  

Ақауы бар құбыр әлі жөнделіп жатыр. Оның себебін арнайы комиссия анықтайтын болады. Ал жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға газ таратын компания барлық шығындарын өтеп беруге уәде етіпті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде