{metadescription}
Америкада мектептегі сойқанға қатысты жаңа мәліметтер шықты
Америкада мектептегі сойқанға қатысты жаңа мәліметтер шықты

Америкада мектептегі сойқанға қатысты жаңа мәліметтер шықты

Кекшіл оқушының қанды қылмысы! АҚШ-та мектепке жасалған қарулы шабуылдың террористік ұйымдарға қатысы жоқ болып шықты. 17 адамды қырып салған қаскөй  сол мекеменің бұрынғы білім алушысы екені анықталды. Ол оқудан жуырда тәртіпсіздігі үшін қуылған. Ал, қару-жараққа бұрыннан әуес болыпты. Мектепте ойран салған күдіктінің қолынан қаза тапқандар саны әлі арта түсуі мүмкін. Өйткені, ауруханадағы 3 адам өлім аузында жатыр.

Жантүршігерлік оқиға Флорида штатында болған. Орта мектептегі сабақ аяқталуға жақындаған тұста қандықол жігіт іске кірісіпті. Ол арам пиғылын мектепте түтінді граната лақтырудан бастаған. Сөйтіп, өрт дабылын іске қосады. Ал, іштегілер далаға жүгіре бастағанда, суық қарудан оңды-солды оқ ата жөнеліпті.

Білім ордасындағы қайғы бүкіл әлемді шошытты. Атылған оқ дөп тиген 12 адам сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал, далада қаскөй тағы 3 адамдың көзін жойыпты. Қатты жарақат алған өзге екеуі ауруханаға барар жолда қаза тапты. Өлгендер арасында оқушылар да, ересектер де бар. Жарақат алған 15 адам дәрігерлер бақылауында. Арасында хәл үстінде жатқандары да бар көрінеді. Сондықтан, шабуыл құрбандарының саны көбеюі мүмкін. Адам сенгісіз қылмысты көзбен көрген білім алушылар болса, әлі естерін жия алар емес.

Райан Сильвера, оқушы:

- Бастапқыда оқтың 7 рет атылғанын естідім. Бәріміз жапа-тармағай қашуға кірістік. Қақпадан секіріп өттік. Біз жүгіріп бара жатқанда, тағы бірнеше оқ атылды. Өте қорқынышты болды

Білім ордасын қанша бояған  сол мекеменің бұрынғы оқушысы болып шықты. 19 жастағы Николас Круз мектептен жуырда тәртіпсіздігі үшін шығарылған. Оны қууға сол қару-жарақтың қатысы болған деген де ақпарат бар. Өйткені, сыныптастарын бұған дейін де қорқытқан екен. Ол, тіпті, оқиға орнынан із суытпақ болған. Әйтеуір, араға 3 сағат салып, тәртіп сақшылары Николасты қамауға алды.

Скотт Израэль, Броуард өңірінің шерифі:

- Бұл өте қайғылы жағдай. Николас Круз  қанішер. Оны қамауға алдық. Әрі әлеуметтік желідегі парақшаларын зерттеуге кірістік. Оның парақшасынан тапқан мәліметтер өте қорқынышты. 

Өзі оқыған мектепте ойран салған жігіттің қолында жартылай автоматты винтовка болған. Әрі оқтары есепсіз көп болыпты. Кейбір ақпарат құралдарында, күдіктінің жүйке жүйесінде ауытқу болғаны айтылуда. Қазір сақшылар Николаз Круздың үйін де тінтіп жатыр. Ал, ол шабуылдаған мектеп апта соңына дейін жабылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде