{metadescription}
Алматыдағы арнайы операция кезінде полицейлер 8 рет  оқ атқан
Алматыдағы арнайы операция кезінде полицейлер 8 рет  оқ атқан

Алматыдағы арнайы операция кезінде полицейлер 8 рет оқ атқан

Атышулы Әлеухановтың ісіне қатысты тың деректер анықталып, қала көшесіндегі брондалған джипті тоқтату кезінде 8 мәрте оқ атылғаны белгілі болды. Сол кезде көлік ішіндегі екі күдіктіні құрықтау үшін, сақшылар осындай қадамға барған екен. Себебі, бұған дейін полицейлер қала тұрғындарының үрейін ұшырған оқиға кезінде мылтық дауысы естілмегінін айтып, бәрін жоққа шығарған еді. Ал, сот процесінде полицейлер толтырған хаттаманы оқыған судья, бар шындықты жайып салды.

Жаннат Бекжанов, судья:

-Өзімнің табельдік М-6, нөмірі осындай, пистолет-пулемет, автокөліктің оң жақ артқы дөңгелегінен көздеп, 8 рет аттым. Көлік брондалғандықтан, жүруін тоқтатқан жоқ. Фурманов-Сәтпаевтан өткен соң, әріптестерім көлікті қысып тоқтатты.

Сондай-ақ, көлікті тоқтату кезінде Әлеухановтың жанында болған, қазір сотқа куәгер ретінде қатысып жатқан Марлен Шалабаев та, бірнеше мәрте оқ атылғанын растады. Ал, сотталушы Дәурен Әлеуханов өзіне тағылған айыптармен келіспей, гаранаты әлдекімдер көлігіме салып жіберген деп отыр. Естеріңізге салсақ, өткен қарашаның 13-не қараған түні Алматының орталығында арнайы жасақтың күшімен тоқтатылған қымбат көліктен автомат, бронды кеудеше, Ф-1 әскери гранатасы және пышақ табылған болатын. Ал, ертең іске нүкте қойылып, сотталушыға үкім шықпақ.

Ерлан Сержанов, мемлекеттік айыптаушы:

-Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабы, 2-бөлігіне сәйкес, қатардағы жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолындатүпкілікті 4 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырып, жазасын өтеу жерінде қылмыстық-атқару жүйесмінің қауіпсіздігі орташа мекемесін белгілеуді сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде